» » Қоғамдық сананы жаңғырту гуманитарлық білімді жаңарту арқылы жүргізіледі - сарапшы

Қоғамдық сананы жаңғырту гуманитарлық білімді жаңарту арқылы жүргізіледі - сарапшы

 Қоғамдық сананы жаңғырту гуманитарлық білімді жаңарту және қоғамның оның жаңа императивтерін қабылдау арқылы жүргізіледі. Мұндай пікірді Арменияның Экономикалық зерттеулер орталығының басшысы, экономика ғылымдарының докторы, профессор Ашот Тавадян білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат

«Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы бұл - Қазастанның болашақ қоғамы дамуының жалпы көрінісі. Сананы жаңғырту - бұл қоғамның барлық мүшелерімен ажыратылатын бірегейлік, құныдылықтар және мәдени жадылар. Қоғамдық сананы жаңғырту гуманитарлық білімді жаңарту және қоғамның оның жаңа императивтерін қабылдау арқылы жүргізіледі. Аталған бағдарламалық мақаладағы жаңғырудың негізгі императивтері бәсекеге қабілеттілік, прагматизм, білімнің жоғары құндылықтары мен білім және сананың ашықтығы болып табылады», - деді профессор.  

Оның атап өтуінше, Қазақстанда Тәуелсіздік жылдары ішінде білім саласының сапасын, бәсекеге қабілеттілігін және халықаралық ғылыми-білім кеңістікке тиімді ықпалдасуын қамтамасыз ету үшін көптеген жұмыс атқарылды. «Бағдарламалық мақалада қоғамдық сананы жаңғыртудың басты жобасы ретінде «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы ұсынылып отыр. Мақсат айқын - өз саласындағы біліктілігі жоғары мамандарды ғана дамытып қою емес, сонымен бірге қазіргі заман мен болашақты жаңа түсінетін, өзгерістерге дайын, алдыңғы қатарлы тәжірибелерді тиімді үйреніп, қолдануға қабілетті тұлғаны қалыптастыру», - деді Ашот Тавадян. 

Ғалым қазақстандық қоғам «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық құжатын басшылыққа ала отырып, алға қойған мақсаттарына жететіндігіне, ал мемлекет әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарына қосыларына сенімді екендігін баса айтты.   
Автор: Марлан Жиембай


25 шілде 2017 г. 90 984 0

Жаңалық тізбесі

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 11 942 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031