» » Оңтүстік Қазақстан облысында 4 мыңға жуық жас кешенді тест тапсырды

Оңтүстік Қазақстан облысында 4 мыңға жуық жас кешенді тест тапсырды

 Оңтүстік Қазақстан облысында кешенді тест тапсыру төрт жоғары оқу орнының базасында өтуде. Биылғы жылы сынақтан өтуге орта білімі бар  4 мыңға жуық жас қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат ХАА тілшісі. 
Мәселен, М.Әуезов атындағы ОҚМУ-ға биыл 3 мыңға жуық жас құжат тапсырған. Оның 1072-сi колледждердi бiтiрiп келгендер. Ал, Қазақстан инженерлi-педагогикалық Халықтар Достығы университетiнде  900-ге жуық үмiткер бақ сынады. Оқу орнының қабылдау комиссиясының жауапты хатшысы Айгүл Қуанышқызы олардың 720-сы қазақ тiлiнде, 171-i орыс тiлiнде тест тапсырғанын айтады. Тестілеудің қортындысы бойынша 50-ден жоғары балл жинаған талапкерлер мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысы бойынша өткiзiлетiн конкурсқа қатысатын болады. 


21 шілде 2017 г. 2 436 0

Жаңалық тізбесі

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 11 660 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031