» » Үздік Корея университетіне қалай түсуге болады

Үздік Корея университетіне қалай түсуге болады

 Кореяның Пусан ұлттық университетіне түсу емтихандарын Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушылары мұхит аспай-ақ өз елімізде тапсыра алады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

 Астана қаласындағы Назарбаев зияткерлік мектебі баспасөз қызметінің хабарлауынша, үміткерлер 19 шілде күні Астана мен Алматы қалаларындағы Назарбаев Зияткерлік мектептерінде бақ сынаған. Емтихан биыл осымен үшінші рет ұйымдастырылып отыр. «Біздің университет Оңтүстік Кореяда орналасқан. Бұл жерде Hyundai, Samsung, LG секілді өздеріңізге жақсы таныс алпауыт компаниялар орналасқан. Қазақстандық студенттер нарыққа пайдалы барлық мамандықтарда білім ала алады. Корея Республикасы дамыған елдердің қатарына жатады. Біз тауар өндіруші елміз. Сондықтан қазақстандық жастар бізден білім мен тәжірибе жинақтап, өз елінің дамуына ат салыса алады», дейді Пусан ұлттық университетінің профессоры Сангян Ким. 
 
Сонымен қатар, Кореядан келген қонақтар өздерінің оқу орындары жайлы оқушылар мен ата-аналарға баяндама жасады. Пусан - Корея Республикасындағы ең ірі порт және Сеулден кейінгі ең ірі қала. Жергілікті жұрт бұл қаланы «Кореяның теңіз астанасы» деп те атайды. Тікелей орталыққа бағынатын Пусан қаласы Корей түбегінің оңтүстік-шығыс бөлігінде, Корей бұғазының жағалауында орналасқан

Пусан ұлттық университетінің екінші курс студенттері Жұпарова Әзел, Сырымбетова Зағира, Садуақас Алишердің айтуынша, теңіз жағасында орналасқан Пусан қаласы әдемілігі жағынан ешқандай қалаға кем түспейді. Пусанның ауасы ылғалды, жаңбыр көп жауады. Университеттің оқу бағасы бір семестр үшін 2 мың доллар шамасында. Сондай-ақ, Назарбаев зияткерлік мектептерімен Пусан ұлттық университетінің арасында арнайы келісімшарт бар. Осы құжат бойынша қазақстандық түлектер корей тілін білмесе де оқуға қабылданады. Олар екі жыл бойы арнайы бейімделген бағдарлама арқылы корей тілін қатар үйренеді. 2002 жылдары Пусанда Азия ойындары және футболдан FIFA World Cup әлем чемпионаты өтті. Ал 2005 жылы Азиялық Тынықмұхит аралық экономиялық әріптестік форумының астанасы атанды.


21 шілде 2017 г. 6 835 0

Жаңалық тізбесі

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 11 657 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031