» » Өртте қаза тапқан Назарбаев Университеті профессорының артында екі қызы қалды

Өртте қаза тапқан Назарбаев Университеті профессорының артында екі қызы қалды

Қайтыс болған Назарбаев Университетінің профессоры Элайдж Кехинденің артында тағы екі қызы қалды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА.

 Досының қазасы жайлы қайғылы оқиғаны оның досы Эммануель Фашахин өзінің Фейсбуктегі парақшасында жариялады. «Қатты қайғыра отырып, ағамдай болған досым, сыныптасым, хирург-уролог, профессор Элайдж Оладунни Кехинде және оның әйелі мен 17 және 8 жастағы екі қызының қазасы жайлы хабарлаймын. Олар 2017 жылдың 14 шілдесі, жұма күні таңғы 5-те Астанадағы пәтерлерінде болған өрт салдарынан ажал құшты. Ол жақсы адам болатын, Қазақстанда жоғары медицина мектебін құру үшін шақырумен келді, алайда, бұл елде бір жыл жұмыс істегеннен кейін қайғылы оқиғаның құрбаны болды», - деп жазды ол.

 
Оның айтуынша, Ибадан Медикос қызметкерлері мен оқытушылары және Ибадандағы University College Hospital университетінің түлектеріне профессорлары жетіспейтін болады. «Профессордың артында тағы екі үлкен қыздары Емиси мен Олайтун қалды. Оның және әйелі мен екі кішкентай қыздарының жаны мәңгілік өмірлерінде тыныштық тапсын», - деп жазды досы. Еске салсақ, 14 шілдеде «Хайвил» тұрғын үй кешенінің 9-қабатындағы пәтерде өрт шықты. Салдарынан 4 адам көз жұмды, оның екеуі бала. Астана қалалық ІІД-нің анықтауынша, қаза тапқандардың шетелдіктер екені мәлім болды. Keнджи Элай 2016 жылдың маусым айынан бері Назарбаев Университеттің Медицина мектебінде профессор болып жұмыс істеген. Ол Лестер университетінің (Ұлыбритания) Медицина докторы дәрежесін алған және 40 жылдан астам уақыт бойы Нигерияда, Оманда, Кувейт пен Ұлыбританияда медицина саласында ғылыми-зерттеу және ұстаздық қызметпен айналысқан. Бұл уақыт аралығында жеті ғылыми-зерттеу грантын жеңіп алып, жүзеге асырған. Профессормен бірге оның әйелі және екі қызы да мерт болды.


21 шілде 2017 г. 3 653 0

Жаңалық тізбесі

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 11 660 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031