» » ҚР БҒМ басшысы гранттар саны артқан мамандықтарды жариялады

ҚР БҒМ басшысы гранттар саны артқан мамандықтарды жариялады

 ҚР білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев үкіметте өткен баспасөз мәслихатында биылғы оқу жылындағы гранттар саны артқан мамандықтар туралы айтты, деп хабарлайды Вnews.kz.
«Биылғы жылы бакалавриат үшін 6 мың, ал магистратура үшін 3 мың орынға гранттар саны артып отыр. Негізінен біз барлық мамандықтар бойынша гранттар санының бір келкі өсуін қадағаладық», - деді министр.
Оның сөзінше, педагогикалық мамандықтарға бөлінетін гранттар саны едәуір көбірек екен.
«Орташа алғанда өзге мамандықтарға қарағанда педагогтар дайындауға 20% көбірек гранттар бөлінді», - деді ведомство басшысы.
Е.Сағадиев гранттар тізімі жарияланғанын және бәрі қалыпты өтіп жатқанына тоқталды. Бұған қоса биыл талапкерлердің баллы тең болған жағдайда ғана «Алтын белгі» иегерлері басымдық берілетінін айтты.
26 шілде 2017 г. 2 953 0

Жаңалық тізбесі

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 11 656 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031