» » Тараздықтар мектеп ауласында қылмыскерлердің орналасуына наразы

Тараздықтар мектеп ауласында қылмыскерлердің орналасуына наразы

Қалалық прокуратура қала тұрғындарының алаңдаушылығына құлақ асты

Таразда түрмеден босап шыққандар мен шартты түрде жазасын өтеп жатқандарға арналған "Пробация үйі" мектеппен бірге бір аулада орналасқан. Ондай көршілік оқу мекемесіне баратын балалардың ата-аналарының наразылығын туғызды. Бұл туралы sputniknews.kz хабарлайды.

"Әрине, ата-ананың алаңдаушылығын түсінуге болады, өйткені пробация қызметіне баратын тұлғалар арасында ауыр қылмыстар үшін сотталғандар бар. Ондай көршіліктің неге әкеліп соқтыратынын кім білер. Оның үстіне, жеке қылмыс элементтерінің теріс әсерінен оқшауда болулары тиіс", — дейді Тараз прокуроры  Бекзат Сейілханов. 

Пробация қызметі және облыстық қылмыстық атқару жүйесі департаментімен жүргізілген келіссөздерден кейін прокурорлар пробация қызметінің облыстың ҚАЖД ғимаратына көшірілуіне қол жеткізді. 

Босатылған ғимарат "Еңбек" ЖШС-на берілді. Оның жұмысшылары ешқандай қауіп төндірмейді. 

21 шілде 2017 г. 2 616 0

Жаңалық тізбесі

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 11 655 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031