» » ҰБТ-ны қайта тапсыру үшін құжаттарды 8 тамызға дейін өткізуге болады

ҰБТ-ны қайта тапсыру үшін құжаттарды 8 тамызға дейін өткізуге болады

 Қазақстанда ұлттық бірыңғай тестілеуді қайта тапсыру үшін құжат қабылданып жатыр. Негізгі емтиханның нәтижесіне көңілі толмағандар тесті 19-24 тамыз аралығында қайта тапсыра алады.Бұл туралы alashainasy.kz хабарлады.

 Құжаттарды қабылдау 1-8 тамыз аралығында, ал тестілеу – 19-24 тамыз аралығында өтеді. Межелік деңгейден екінші ретте де өтпей қалған жағдайда ЖОО-ға бір семестрге ақылы негізде оқуға мүмкіндік беріледі.

ҚР білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев биыл ҰБТ-ның жаңа формат бойынша жүргізілгенін және екі рәсімге: мектептердегі бітіру емтихандары секілді қорытынды аттестаттау және ЖОО-на қабылдау емтиханына бөлінгенін атап өтті. Бұл формат Жапонияның, Израильдің және АҚШ-тың халықаларық тәжірибесін талдау нәтижесінде әзірленген.
 Айта кету керек, ҰБТ-ның мазмұндық бөлімінде логикалық ойлау деңгейін, базалық құзыретті және әрі қарай оқуға деген қабілеттілікті, яғни функционалдық сауаттылықты анықтауға бағдарланған тестілер болды.

Бұдан өзге, биыл алғаш рет тестілеудің онлайн-таратылымы іске қосылды. Бұл барлық ниет білдіргендерге Қазақстанның кез-келген жерінен тестілеу үдерісін бақылауға мүмкіндік берді, сәйкесінше бұзушылықтардың санын төмендетті.
 Жалпы ҰБТ-ға 88 595 адам қатысты, бұл өтінім бергендердің 95% құрады. Тестілеу қорытындысына сәйкес республика бойынша орташа балл 140-тың 80,5-ін құрады. Өткен жылы бұл көрсеткіш 125-тің 81-ін құраған болатын. 50 баллдан тұратын межелік деңгейден 74 517 түлек асты, бұл 84%-ды құрады.

 Кешендік тестілеу 17-23 шілде аралығында жоғарғы оқу орындарының 48 пунктінде өтті. Оған қатысуға 54 649 өтінім берілді, іс жүзінде тестілеуге 50 416 адам қатысты. 50 баллдан тұратын межелік деңгейден 21 078 адам немесе түлектердің жалпы санының 42% асты.

02 тамыз 2017 г. 4 093 0

Жаңалық тізбесі

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 12 689 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930