» » Мысырда ұсталған қазақстандық студенттер елге қайтарылатын болды

Мысырда ұсталған қазақстандық студенттер елге қайтарылатын болды

Қазақстандық дипломаттар еліміздің 6 азаматын елге жеткізу үшін Каир әуежайына алып келді.

Бұл туралы бүгін өзінің фейсбуктегі парақшасында ҚР Сыртқы істер министрлігі баспасөз қызметінің жетекшісі Әнуар Жайнақов мәлім етті.Дереккөз:www.stan.kz.

  «Қазір ғана қазақстандық дипломаттар еліміздің 6 азаматын Қазақстанға қайтару үшін Каирдің әуежайына жеткізді. 1 тамыз күні кешкісін Египеттің Ұлттық қауіпсіздік комитетінің өкілдері Қазақстанның елшілігімен хабарласып, осыған дейін ұсталған қазақстандық азаматтардың барлығын еліне депортациялайтындықтары туралы айтты»,-делінген хабарламада.

  Осыдан кейін Қазақстанның консулы арнайы процедураларды ұйымдастыру үшін әуежайға келіп, еліміздің азаматтарымен жүздескен. Олар өздерін жақсы сезінеді және жақын арада елге жеткізіледі. Қазақстандықтарды ұстау себептері әзірге айтылмай отыр. Египет билігінің хабарлауынша, еліміздің азаматтарын ұстау жағдайы бойынша барлық себеп-салдарлар туралы араб елінің құқық қорғау органдары қосымша хабарлайтын болады.

Айта кетейік, Каирге Араб тіл үйрену үшін барған алты отандасымызды Мысырдың қауіпсіздік қызметінің өкілдері қамауға алған болатын.

02 тамыз 2017 г. 3 568 0

Жаңалық тізбесі

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 11 927 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031