» » Шәмшидинова Елбасы туралы жаңа кітапты оқулық ретінде пайдалануды ұсынды

Шәмшидинова Елбасы туралы жаңа кітапты оқулық ретінде пайдалануды ұсынды

 
Елордада Қазақстан Президентi Нұрсұлтан Назарбаев туралы «О великой жизни» - «Ұлы адам туралы ұлағатты кiтап» атты туындының тұсауы кесiлдi. Аталған кiтап - тәуелсiз Қазақстан тарихындағы Мемлекет басшысы туралы 12 жастан асқан аудиторияға арналған алғашқы туынды. «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДБҰ Басқарма төрайымы Күләш Шәмшидинова Baq.kz тілшісіне берген сұқбатында аталған кітапты оқулық ретінде пайдалануды ұсынды.


«Бізде «Қазіргі әлемдегі Қазақстан» деген пән бар. Ол Назарбаев Зияткерлік мектептерінің 11-12 сынып оқушылары үшін өткізіледі. Бұл кітапты сол пәнді оқыған кезде пайдалануға болады. Жалпы, оны хрестоматия, оқулық ретінде қолдануға болады деп есептеймін. Кітапты бір пәннің оқулығы ғана емес, әр пәнге пайдалануға болады. Мысалы, тарих, география, өнер пәндеріне жарайды. Мәселен, кітапта Нұрсұлтан Әбішұлының домбыраны қалай үйренгені, келіссөздерге қалай келгені жазылған. Кітаптың бір ерекшелігі, ол тарихи хроникамен жазылмаған, онда адамның өмірі, адамның іс-әрекеті мен көзқарасы баяндалған. Осы жағынан оның тәрбиелік маңызы зор деп есептеймін. Сондықтан кітапты қосымша материал ретінде пайдалану қажет. Аталған туындыдан елдің экономикасы, Қазақстанның саяси жағдайы, сыртқы байланысы жайлы білуге болады. Кітапта олар түсінікті етіп, жақсы берілген. Жалпы, онда жақсы, қызықты деректер жеткілікті», - деді Күләш Шәмшидинова.


Атап өтсек, оқулық жоғары сынып оқушылары мен КТУ оқушылары үшiн дайын оқу құралы болып табылады. Кiтап авторы - Ресей Федерациясының еңбек сiңiрген мәдениет қайраткерi, тарихшы, жазушы, публицист Николай Зенькович. Ол көрнектi мемлекет және қоғам қайраткерлерi, саяси көшбасшылар және тарихтың жолын өзгерткен басқа да белгiлi бiрегей тарихи тұлғалар туралы 60-тан астам кiтап жазған. Публицист Қазақстанға жиi келiп, зерттеу жұмыстарын жүргiзген, баспасөзде шыққан ақпарат пен түрлi әдебиеттi пайдаланған.

Кiтап орыс және қазақ тiлiнде 2 мың данадан шыққан. Туындыны қазақ тiлiне танымал журналист, публицист, жазушы Қайнар Олжай аударған.

Қымбат ЕЛТАЙҚЫЗЫ




25 шілде 2017 г. 3 551 0

Жаңалық тізбесі

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 11 944 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031