» » Шиелі ауданында семинар-тренинг өтті.

Шиелі ауданында семинар-тренинг өтті.

2017 жылдың 27-30 маусым аралығында Қызылорда облыстық Ішкі саясат басқармасы және «Руханиятты қолдау» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен «Қазтест» жүйесі бойынша мемлекеттік тілді меңгеру деңгейін арттыру әлеуметтік жобасы аясында семинар-тренинг өтті.

Семинар-тренингті Қорқыт Ата атындағы ҚМУ-дің қауымдастырылған профессоры, ф.ғфк Аман Меделханұлы Абасилов пен п.ғ.м Айдана Алмасқызы Нұрғазиева жүргізеді.

Семинар-тренингке Шиелі аудандық мемлекеттік қызметшілер мен мемлекеттік қызмет көрсететін ұйым қызметкерлері қатысады.

Мемлекеттік тілді түрлі себептермен меңгермеген азаматтарды, жұмыс орнында қазақ тілінде хат алмасуы қиындық келтіретін, әріптестермен басқа тілде сөйлесетін қызметкерлерді қазақ тілін оқуға деген уәждемесін тудырып, өз деңгейін білу арқылы сөйлеу әрекетінің түрлері бойынша өздігінен немесе оқыту курстары арқылы тілдік білімін жетілдіруге тарту.

Талқылау, сұрақ-жауап түрінде өткен семинарда белсенділік танытқан ауданның жергілікті атқарушы органдарының мемлекеттік қызметшілері, ауыл әкімдері мен бөлім басшылары «Қазтест» туралы толық мәлімет алады.

Семинар-тренинг соңында сертификат таратылды.

25 шілде 2017 г. 4 217 0

Жаңалық тізбесі

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 12 563 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930