» » Облыс жас зияткерлерінің кешенді олимпиадасы (ФОТО)

Облыс жас зияткерлерінің кешенді олимпиадасы (ФОТО)

Ы. Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған облыстық қазақ гимназия-интернатында 2017 жылғы 30 қарашада 5-6 сынып оқушыларына арналған VI облыстық кешенді олимпиадасы өткізілді. Іс-шараға облыстың 144 оқушысы қатысты (2016 ж. – 135), соның ішінде 24 – үш қаладан, 40 –10 ауданнан, 80 – мамандандырылған мектептерден. Бұл туралы «Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығына сілтеме жасап "EDUNEWS.KZ" ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Олимпиада қатысушылары математикалық және жаратылыстану- ғылыми сауаттылығын тексеру мақсатында кешенді және құрылымдық тапсырмалар орындады. Жеке мәтіндер ретінде дайындалған әр бағыттағы тапсырмалар қатысушылардың әр түрлі пәндік саладағы білімдерін анықтайтын мәселерді, дұрыс дәйектелген математикалық ой-пікірлерін айта білу, қоршаған әлемді түсінуге қажетті қорытынды жасау, білімді тәжірибеге айналдыру ептіліктерін қамтыды.

Бұндай тапсырмалар орта буын оқушыларының жоғары деңгейдегі дербестігін, функционалдық сауаттылығын, мәтіндік тапсырмаларымен жұмыс жасау ептілігін дамытып, зияткерлік іс-шаралардың заманауи талаптарына сәйкестенеді.

Олимпиада қорытындысы бойынша жұлделі орындар осылайша үлестірілді: І орын – 12, ІІ орын – 22, ІІІ орын – 31 оқушы.

Ең көп жүлделі орын дарынды балаларға арналған №8 лицей-мектебінде (10 қатысушыдан - 10), дарынды балаларға арналған №3 гимназия мен Екібастұз қ. дарынды балаларға арналған №1 лицей-мектебінде (10 қатысушыдан - 8), «Жас дарын» мамандандырылған мектебінде (10 қатысушыдан - 7). 

Орындау сапасының 50%-ын Павлодар, Ақсу ққ. көрсетті (4 қатысушыдан - 4).

Баянауыл, Качир, Железин, Ертіс және Успен аудандарының оқушылары 1 жүлделі орыннан иеленді.

Осы іс-шараға қатысу қызығушылығын білдіріп, жоғары нәтиже көрсеткен облыс оқушылар санының жыл сайынғы өсуін айта кету қажет.

04 желтоксан 2017 г. 102 0

Жаңалық тізбесі

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2018    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031