» » Тыңдаушылармен кері байланыс моделі

Тыңдаушылармен кері байланыс моделі

2019 жылдың  02.09-13.09 аралығында «Өрлеу» БАҰО АҚФ Түркістан облысы  және Шымкент қаласы бойынша ПҚБАИ базасында «Мектепке дейінгі ұйымда білім беру процесін жобалау» тақырыбында мектепке дейінгі ұйымдардың тәрбиешілеріне арналған біліктілік арттыру курсы жүргізілді. 

Қазіргі таңда институт оқытушысының оқыту әдістері тыңдаушылар тарапынан қолдау тауып жатыр. Сондықтан дәстүрлі сабақтар жұмыстармен қатар оқытушылармен инновациялық белсенді формалары жиі пайдалануда. Атап айтқанда, курс барысында тренинг, практикалық сабақ және ықшамсабақтар сынды оқыту формалары кеңінен пайдаланылды. 

Курс барысында «STEP BY STEP» технологиясы арқылы мектеп жасына дейінгі балалардың жеке тұлғалық дамуы» тақырыбында N56 Тұлпар бөбекжай балабақшасында көшпелі тәжірбиелік сабақ көрсетілді.

Көшпелі тәжірбиелік сабақтың мақсаты: Даму ортасының негізінде тұлғаның дамуын қамтамасыз ететін мектепке дейінгі білім беру мекемесі, баланың тұлғасын дамытуда оның жеке ерекшелік мүмкіндіктерін ашып, таным белсенділігін қалыптастыру. Сабақ барысында тыңдаушыларға жалпыға міндетті үш қадам бойынша жұмыс жасау меңгертіледі. «Тәй-тәй» технологиясы бойынша іс-әрекетті ұйымдастыруды, ондағы орталықтар бойынша балалар зерттеу бағытында, еркін ойнауға, өз ойын ашық білдіруге мүмкіндіктері бар екендігі түсіндіріледі.

Курсты қорытындылай келе курс тыңдаушылардың атынан «Өрлеу» БАҰО» АҚФ Түркістан облысы және Шымкент қаласы бойынша ПҚБА институтына, бізге кураторлық жасаған  аға оқытушы  С.С.Әлімбетоваға,  және дәріс оқыған апайларымызға айтар алғысымыз  шексіз.


Шалатаева Гүлмира Үсіпбекқызы

А.Зуметхан бөбекжай балабақшасының тәрбиешісі

Түркістан облысы, Мақтаарал  ауданы

13 қаңтар 2020 г. 45 396 0

Жаңалық тізбесі

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 12 607 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930