» » Ғалымдар пластмасса қалдығымен қоректенетін ферментті ойлап тапты

Ғалымдар пластмасса қалдығымен қоректенетін ферментті ойлап тапты

Ғалымдар пластмассамен «қоректенетін» ферментті ойда-жоқта ойлап шығарды. Ол енді әлемдегі ең ірі проблеманың бірі – пластик қалдығын жою үшін қолданылмақ, деп хабарлайды baribar.kz
Британиялық Портсмут университетінің зерттеушілері мен АҚШ Энергетика министрлігі, Жаңартылған энергия көздері ұлттық зертханасының (NREL) біріккен зерттеуі бойынша, Жапониядан бірнеше жыл бұрын табылған қоқысты қайта өңдеу орталығындағы фермент енді кәдеге жарамақ. Яғни, табиғи фермент құрамын зерттеген ғалымдар оның пластикпен немесе полиэтилентерефталатпен (ПЭТ) «қоректенетінін» айтты. Фермент Ideonella sakaiensis 201-F6 деп аталады. Айта кетерлігі, полиэтилентерефталат, яғни, ПЭТ деп аталатын пластик 1940 жылы жасап шығарылған, ол жыл сайын миллиондаған тоннада шығарылатын пластик бөтелкелерін жасау үшін пайдаланылады.
«Біз инженерлік протеин саласына өз үлесімізді қосқымыз келген. Өзіміз ойлағаннан да жоғары жетістікке жетіп, пластмассаны жоятын фермент құрылымын зерттедік», – деді Грег Бекхам есімді зерттеуші.
ПЭФ пластмассалары био негізде жасалғанымен, био ыдырау қасиетіне ие емес, сондықтан қоршаған ортаны қоқыс ретінде ластауда. Ғалымдар зерттеуі Ұлттық ғылым академиясының журналында жарық көрді. Олар енді фермент қызметін одан сайын жақсарту үшін жұмыс істемек. Аталған ұйым ғалымдарының зерттеуі бойынша, жыл сайын 8 млн пластик қалдығы теңіздерге лақтырылып, қолдан қоқыс аралдары пайда болып жатыр екен.Ғалымдар ашқан бұл жаңалық ПЭТ бөтелке қалдықтарының миллиондаған тоннасын рециркуляциялау үшін пайдалы болмақ. Айта кетерлігі, бөтелке қалдықтары жүздеген жыл бойы қоршаған ортаны ластап, қоқыстарда сақталуда.
«Мамандардың зерттеуінше, 2050 жылы теңіздерде қанша балық болса, сонша пластик қалдығы жиналады деген болжам бар», – дейді ғалымдар.
Өткен айда жарияланған үш жылдық зерттеу бойынша, Тынық мұхитында жиналған қоқыс «үлкен мұхиттық қалдық патчы» деген атауға ие болған. Ол Техастан екі есе, ал Франциядан үш есе үлкен дейді зерттеушілер.
«Соңғы 50 жылда пластмассалардан, бөтелке қалдықтарынан әлемнің кез келген түкпіріндегі теңіз жағалауларынан қалдықтар анықталады дегенге сену қиын, оны ешкім болжаған жоқ», – деді зерттеуші Макгихан.

Дереккөз: baribar.kz
08 мамыр 2019 г. 83 346 0

Жаңалық тізбесі

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 11 961 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031