» » Қол не үшін керек?

Қол не үшін керек?

Мақсаты: Рөлдер бойынша әңгімелеп беру дағдыларын қалыптастыру. Диалог арқылы балалардың ойын,қиялын дамыту; Қарапайым қарым-қатынас дағдыларын ережелін қалыптастыру үшін жағдай жасау;сөзді бөлмеу, мұқият тыңдау. Ересектер еңбегін  құрметтеуге тәрбиелеу.

Сөздік әдіс: көрсету, түсіндіру, әңгімелеу.

Көрнекілік әдіс: кинезология жаттығу суреттері, эмоциялық суреттер,

Құрал-жабдықтар:  В.Воскобовичтің кілемшесі, Луллия шеңбері, ойын себеттері, суреттер,

Сөздік жұмыс: еңбек, немере, алтын қолдар, еңбекқор және жалқау.

Тәрбиеші: Балалар су ішеді (кинезиологиялық жаттығу).

Тәрбиеші; Балалар  таңертең мен сендерді күтіп тұрған кезде «Қолдарыңыз не үшін керек»  деген қызықты әңгіме оқыдым.

Тәрбиеші; балалар менің сендерге екі жұмбақ жасырамын, сендер шешімін табыңдар.

-Екі достың бірі ыңғайлы,
-Біреуінен ебі жоқ.
-Екеуін де бірдей көрем,
-Маған артық-кемі жоқ.
                                        Екі қол

-Қосылғанда қос шебер,

-қыруар,  қыруар іс-өнер.   Екі қол

Тәрбиеші-Қолдарың не үшін керек екенін білесіңдерме, кім айтып береді?

Балалардың жауабы

Тәрбиеші; Луллия шеңбері бойынша, ойын «Қолымыз бізге қажетпе?»

-дене мүшесі

-киім кию үшін

-тамақтар дайындау үшін

-еңбек ету үшін

-көлікті жүргізу үшін

Тәрбиеші:   Балалар сендер таңертең киімді ненің көмегімен киінесініздер?

-Ал сендер таңертең тістеріңді жуғанда тіс щеткасын немен ұстадыңыздар?

-Таңғы ас кезінде шанышқыны немен ұстадыңыздар?

-Ал  батинканың бауын немен байладыңыздар?

Тәрбиеші:  Балалар көрдіңдерме біздің қолдарымыз  қаншалықты  көп жасай алады екен. Олай болса «Қолдар не үшін керек екенін» осы әңгімеден білесіздер.

Тәрбиеші:  Балалар енді  мен сіздерге Е.Пермяктың«Қолдар не үшін керек?»

әңгімесін оқып беремін.  Петя және оның атасының қойған қиын сұрақты мұқият тыңдаңыздар!

Тәрбиеші: Немерелері Ақылбек атасын қатты жақсы көреді.Олар ылғи атасының қасында жүреді.Барлық тақырыпта атасымен сөйлеседі. Атасының

айтқан ақылын тыңдайды. Атасы немерелеріне күнде қызықты ертегілер оқып береді.Бір күні атасы немерелерінен былай деп сұрайды:

Балаларым, қол бізге не үшін керек?

Ойын ойнау үшін ата – деп жауап береді.

Тағы не үшін? – деп сұрады атасы.

Тамақ ішу үшін.

Мысық ұстау үшін.

Киімдерімізді кию үшін т,б.

Кеш бойы Петя  атасының сұрағына жауап берді.Дұрыс жауап берді. Не анасының не әкесінің  қолдары жайлы мүлдем  айтпады, тек өзінің қолымен жасаған нәрселерді айтты.

Немересі тек өзінің қолына өз қажеттіліктерін орындауға байланысты                         ойын айтты.                                                                                                                                           Тәрбиеші:

-Балалар, әңгіме не туралы айтылған екен?

-Сіздерге әңгіме ұнадыма?

-Петяның атасы қандай сұрақ қойды?

-Петя не деп жауап берді?

-Петя сұраққа дұрыс жауап бердіме?

-Егер Петяның атасы сізден қолыңыз не үшін керек деп сұраса не деп жауап бересіз?

-Егер Петяның атасына қолың не үшін қажет деп сұраса атасы не деп жауап берер еді?

 Тәрбиеші:  балалар әңгімені мұқият тыңдаңыздар, содан кейін рөлдерге

 бөліп айтып бересіңдер.(Атасы,Петя, автор)

(Балалар оқиғаны тыңдайды, кейін рөлдерге бөліп әңгімелеп береді) 

Тәрбиеші: Петяның атасы ,немерелерім қол адамдарға тек заттарды ұстау үшін ғана емес, тағы да еңбек ету үшін, және жақсылық жасау үшін қажет  деген екен.

Балалалар қолға арналған қандай мақал-мәтелдер білесіңдер?

                        «мақал-мәтел»  

-Көз қорқақ, қол батыр.

-Шебердің  қолы ортақ.

-Шешеннің тілі ортақ.

-Қолы ашықтың-жолы ашық.

-Саусақ бірікпей ине ілікпейді.

Тәрбиеші:  Балалар қалай ойласыңдар еңбек қолдар дегеніміз не?

                                 Ойын:«Маңызды қабырға»

Тәрбиеші:   ойынын ойнауға шақырамын.

-Балалар біздің қолдарымыз  да еңбек қолдары деп атауға болама?

-Ол үшін не істеу керек?

-Тамаша, өте дұрыс біз күн сайын еңбек етіп қолдарымызды жаттықтыру керек.

Тәрбиеші:  Олай болса «Піл, Үкі, » жаттығуын жасайық (кинезиологиялық жаттығулар).

Тәрбиеші:  Тамаша, олай болса мен сендерді ойын ойнауға шақырамын.

                               Ойын:«Еңбекқор және жалқау қолдар»

 

Тәрбиеші:  Үстел үстінде екі себетте алақан карточкалары  бар, қандай қолдар еңбекқор және жалқау қолдар  суретке қарап жақсы және жаман әдеттер жайлы айтады.

Тәрбиеші:   Керемет, жарайсыңдар.

 -Біз кімнің қолын алтын қолдар дейміз? 

-Балалардың жауабы   ( Дәрігер, тігінші, суретші,құрылысшы)

Тәрбиеші; -жарайсыңдар балалар;

 Бүгінгі  Е.Пермяктың «Қолдар не үшін керек?» әңгімесін   «Тик-тэк-тоу»

ойыны арқылы бекітеміз.

Менің ойымша адамдар   қолдары болмаса еңбек ете алмайды.Х

Менің ойымша Петя атасына дұрыс жауап берді О

Менің ойымша  қолға ешқандай қауіпсіздік ережесі керек емес деп ойлаймын.Х

Менің ойымша   Атасы: немерелерім қол адамдарға тек заттарды ұстау үшін ғана емес, тағы да еңбек ету үшін, және жақсылық жасау үшін қажет дейді.О

Менің ойымша , алтын қолдар деген жоқ. Х                                                                                          Менің ойымша ,Көз қорқақ, қол батыр деп ойлаймын.О

Менің ойымша қолдар сезім мүшесі емес деп ойлаймын.Х

 Менің ойымша еңбекқор және жалқау қолдар болады деп ойлаймын.   О

 Менің ойымша тісімді қолмен щеткамен жуамыз.О

  Қорытынды; Тәрбиеші; балалар енді қолдарымыз не үшін қажет екенін білесіздер ме?

-Не үшін?

 -Балалар бүгін біз қызықты әңгіме  тыңдап, ойнап бір-бірімізге күлкі сыйладық. Қолдарың көптеген қызықты нәрселер жасай алады деп үміттенемін. Бүгін біз сендермен Пермяктың "Қолдар не үшін керек" әңгімесімен танысып, әңгімеледік және адамның қолсыз өмір сүруі қиын болатынын білдік. 

Автор: 

Гульзира Поданова,

ҚР ПІБ МО «Қарлығаш» балабақшасы» ШЖҚ РМК-ның тәрбиешісі 

Нұр-Сұлтан қаласы

23 сәуір 2021 г. 45 908 0

Похожие новости:

title
Мадагаскарлықтар қонақта
Мектепке дейінгі білім
title
«Т» дыбысы және әрпі
Мектепке дейінгі білім
title
1 саны мен цифры
Рухани жаңғыру және білім
title
Судағы қозғалмалы ойындар
Рухани жаңғыру және білім
title
Ағаш - табиғат көркі
Мектепке дейінгі білім

Жаңалық тізбесі

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 11 953 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031