» » Аделина Елемесова - плющ Лигасы

Аделина Елемесова - плющ Лигасы

Халықаралық бакалавриат (IB) Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушысы Аделина Елемесова плющ Лигасының екі бірдей университетіне оқуға түсті. Наурыз айында Елемесовтер отбасына сүйінші хабар бірден бірнеше елден жетті: Аделинаның әлемдегі ең беделді университеттерге қабылданғаны туралы ресми хаттар. Плющ Лигасының Колумбия және Корнелл сияқты ең әйгілі университеттері қазақстандық түлекті студент ретінде қабылдауға дайын. Сонымен қатар талапты жас Northwestern University (АҚШ), Amherst College (АҚШ), YaleNUS (Сингапур), Duke Kunshan University (Қытай) оқу орындарынан шақырту алды.

Бүгінгі күні Аделина қай университетті таңдайтынын шешуде, алайда ол өзінің мамандығы ғылым және жасанды интеллектпен байланысты болатынын нақты біледі.

Нұр-Сұлтан қаласындағы Халықаралық бакалавриат (IB) Назарбаев Зияткерлік мектебінің  12 сынып оқушысы Аделина Елемесова – еріктілер қозғалысының және TEDx жобалардың белсенді қатысушысы, теннистен қалалық және республикалық турнирлердің чемпионы.

Дереккөз: Семей қаласындағы физика-математика бағытындағы 

Назарбаев Зияткерлік мектебінің баспасөз қызметі, 

"EDUNEWS.KZ" ақпараттық агенттігі

01 сәуір 2020 г. 2 710 0

Жаңалық тізбесі

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 11 941 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031