» » Жасанды зият және бұлтты технологиялар

Жасанды зият және бұлтты технологиялар

Жасанды зият және бұлтты технологиялар: Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ емтихандарды онлайн тапсыру үшін  инновациялық шешім енгізді, деп хабарлайды edunews.kz Ақпарат Агенттігі. 

Еуроазиялық ұлттық университет гибридті оқыту форматын қамтамасыздандыру үшін жаңа технологияларды белсенді пайдалануда. Қашықтықтан оқытудан бөлек жоғары оқу орны «Examus» шешімінің көмегімен емтихандарды тапсыру жүйесін іске асыруда.

«Examus Proctoring» – қашықтықтан бақылау және онлайн-емтихандарды тексеру технологиясы. Шешім жасанды зият пен компьютерлік көру негізінде құрастырылған, ол студенттердің мінез-құлығын емтихандарды өткізу нормаларының көзқарасынан теңдестіруге және талдауға көмектеседі.   

Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ ақпараттық технологиялар департаментінің директоры Нұрлан Серік ұлы Мұқатаев: «COVID-19 пандемиясы жағдайларында біз көптеген оқу орындары секілді онлайн-форматта білім беру қажеттілігімен кездестік. Жаңа ақиқатта студенттерді қадағалау мен бағалаудың, соның ішінде емтихан тапсыру кезінде әділ жүйесін сақтау ерекше маңызды болды. Себебі бұған шығарылып жатқан мамандардың біліктілігі тәуелді болды.  Біз онлайн – дәрістерді өткізуден бастап, студенттерді қашықтықтан оқытуға көшіруден туындаған деректердің үлкен көлеміне талдау жасау секілді - оқу орнының барлық қажеттіліктерін жабатын лайықты сервисті іздеу мәселесіне тап болдық.  Барлық осы қажеттіліктерді қамтамасыз етуге қабілетті жалғыз шешім – бұл «Examus» болды. 2020 – 2021 оқу жылының қысқы сессиясын біз осы сервисті пайдаланып өткіздік, ол 9628 студенттерді қамтыды. Біз осы сәтті тәжірибені жыл сайын пайдалануды жоспарлаудамыз», - деп атап кетті.

Онлайн-форматта емтихандарды тапсыру уақытында сервис мұғалімнің тапсырмасын жеңілдетіп, студенттің мінез – құлығының шынайылығы мен қисындылығы туралы ақпарат жинайды:  оның қарау бағытын қадағалайды, эмоцияларын айқындайды, бөлмедегі дыбыстарға талдау жасайды, бейнедегі бұзылуларды тіркейді және есеп беруді дайындайды. Сонымен қатар, студент емтиханға кіргенде сервис оны бейнекамераның көмегімен теңдестіреді және тіркеу деректерімен салыстырады. Сонымен бірге емтихандағы студенттің жауабын бағалау бойынша қорытынды шешімді мұғалім қабылдайды.  Тәртіп бұзылған жағдайда, мысалы, белсенді терезе ауысқанда немесе студент емтиханнан кетіп қалса, жүйе емтихан барысын қадағалайтын прокторға хабарлама жібереді, бұл оқиға шынымен орын алғандығын тексеру үшін және сәйкес шараларды қабылдау үшін қажет болады.

ЕҰУ-не «Examus» жүйесін енгізу шеңберінде Microsoft Azure бұлтты  платформасының есептеу қуаттары қолданылды, беріктікті және шешімнің бұзылуға тұрақтылығын, сонымен қатар жергілікті қуаттарды іске қосуды талап етпей үлестірілген дата-орталықтарда орналасқан серверлерде деректерді сақтау мүмкіндігімен қамтамасыздандырады.   

«Қашықтықтан емтихандарды сапалы қабылдау, сонымен бірге әрі қарай білім алу мен білімді қадағалау университетке абитуриенттерді тарту географиясын кеңейтеді. Microsoft корпорациясымен серіктесе отырып біз оқу орындарының гибридті білім беру форматына өтуді жеңілдетуге және олардың онлайн режимінде де үзіліссіз және тиімді жұмысын қамтамасыз етуге ұмтылудамыз», - деді бизнесті дамыту бойынша директоры - Мария Машкеева.

Онлайн-емтихандарды өткізуден басқа осы шешім қашықтық форматында қабылдау компаниясын, сонымен бірге халықаралық олимпиадалар мен байқауларды өткізу мүмкіндігін береді.

Қазақстан мен ТМД елдеріндегі білім беру секторымен жұмыс жасайтын Microsoft жетекшісі Жәнібек Нұрлан: «Бүгінгі таңда сандық технологиялар білім алуға шексіз мүмкіндіктерді ашады. Microsoft-тың қазіргі шешімдері оқу орындарына жаңартпа құралдарды және білім беру қатынастарын енгізуге,  сонымен қатар офлайн болсын немесе қашықтықта оқыту форматы болсын – жұмыс жағдайына тәуелсіз – білім беру қызметтерінің жоғары сапасын қолдауға мүмкіндік береді», - деген түсініктеме жасады.

Microsoft туралы

 

Microsoft (Nasdaq "MSFT" @microsoft) "интеллектуалды бұлт"  және " интеллектуалды технологиялар" дәуірінде сандық түрлендіруге жағдай жасайды. Компанияның миссиясы - планетадағы әрбір адамға және ұйымға көп нәрсеге қол жеткізуге мүмкіндік беру.

Қосымша ақпарат алу үшін мына байланыстарға хабарласуыңызды өтінеміз:

 

Ольга Глебова, коммуникация маманы, Microsoft |CEE Multi-Country| (066) 144 13 19, a-olgleb@microsoft.com

ДанияУтеева, PBN Hill+Knowlton Strategies, +7 (778) 555 41 24, v-duteyeva@microsoft.com 



Дереккөз: edunews.kz Ақпарат Агенттігі
09 сәуір 2021 г. 4 550 0

Жаңалық тізбесі

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 11 927 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031