«Солтүстік Қазақстанның білім және ғылым алтын қоры» (педагогикалық әулеттер Форумы)
Қазақстандық білім беру жүйесінің жоғары динамикалық дамуы жағдайында "Мәңгілік Ел" идеясы, "Туған жер", "Рухани жаңғыру" бағдарламалары және "Тәрбие және білім" шағын бағдарламалары сияқты ұлттық жобаларды жүзеге асыру - әлемдік білім беру кеңістігіне қосылудың басымдықтары болып табылуда. Сәйкесінше, мұғалім мамандығының қоғамдық-әлеуметтік мәртебесін қолдау өзекті болып табылады.
Аймақтағы педагогикалық әулеттерді насихаттау және қолдау – білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016–2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын табысты жүзеге асырудың негізі болып табылады.
2017 жылғы 27 қыркүйек күні «Өрлеу» БАҰО» АҚФ «СҚО педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты» «Солтүстік Қазақстанның білім және ғылымының алтын қоры» тақырыбында педагогикалық әулеттер Форумы өткізілді.
Облыстық педагогикалық әулеттер Форумын өткізу - мұғалімдер әулетінің кәсіби тәжірибесін дамыту және сақтау негізінде педагогикалық мамандықтардың қоғамдық-әлеуметтік мәртебесін нығайтуға бағытталған
Облыстық Форумның жұмысына облыстың Петропавл қаласы, аудандары бойынша педагогикалық әулет өкілдері, облыстық Білім басқармасының мамандары, қоғамдық ұйымдардың өкілдері, ата-аналар, , М. Жұмабаев атындағы гуманитарлық колледж студенттері қатысты.
Форумның қорытындысында педагогикалық әулеттердің тарихы туралы мазмұнды және танымдық очерктері ұсынылған - «Солтүстік Қазақстанның білім және ғылым алтын қоры» Энциклопедиясының таныстырылымымен аяқталды.