» » Биыл Ақтөбе облысында 16 мыңнан бала бірінші сыныпқа барады

Биыл Ақтөбе облысында 16 мыңнан бала бірінші сыныпқа барады

 Жаңа оқу жылында Ақтөбе облысының мектептерінде 132 мың бала оқиды, соның 16 422 –бірінші сынып оқушылары.Бұл туралы EDUNEWS.KZ ақпараттық агенттігі хабарлайды.

 Биылғы оқу жылы ерекшелігі бірінші күннен басталады: 1 қыркүйек мейрам күніне түскесін, мектептердегі дәстүрлі бірінші қоңырау салтанаты 2-ші қыркүйекте болады.Осы күні Ақтөбе облысында 8 жаңа мектеп іске қосылады. Ақтөбе қаласы бойынша 2 мектеп (№63, 64) Батыс-2 мөлтек ауданында ашылса, бір жаңа мектеп Нокин ауылында қосылады. Сонымен қатар  Ойыл ауданында -2 мектеп, Мұғалжар ауданында -1 мектеп, Ырғызда – 1 мектеп және Шалқар ауданында -1 мектеп ашылу рәсімдері өтеді. Облыс орталығында бұрынғы ғимарат есебінен  тағы бір мектеп іске қосылады.

 Облыс орталығының Батыс–2 мөлтек ауданында салынған 600 және 320 орындық екі мектептің құрылысы ҚР Ұллтық қорының қаржасынан бөлінген. Мектептер салынуының басты мақсаты, Ақтөбе қаласындағы №23 орта мектебінің үш ауысымдылығын шешілуі және №№1,17,21,27 мектептерінің оқу орындарының тығыздығын азайту. Жаңадан салынған Нокин ауылындағы мектеп те сол маңайдағы Благодарный орта мектебінің үш ауысымдылығын шешуге арналған. Аудандардағы 5 мектеп тозған және апат жағдайындағы мектептердің мәселесін шешеді деп көзделген.  Биыл Ақтөбе облысында 10 080 орынға арналған 25 білім ордасының  құрылысы жүріп жатыр.

 Ағымдағы оқу жылында 12 жылдық білім беру жаңартылған білім мазмұны бойынша жаңа бағдарламамен 1, 2, 5, 7-сынып оқушылары - облысымызда барлығы 57 мың бала оқитын боладыБілім алушыларды мектеп оқулықтарымен қамтамасыз ету үшін жергілікті бюджеттен 1,1 млрд.теңге бөлінген.

 

02 қыркүйек 2017 г. 3 122 0

Жаңалық тізбесі

Нұрлы Отанымыз-тәуелсіз Қазақстан

15 желтоксан 2023 г. 17 203 0

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 21 607 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоксан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031