» » АҚШ халықаралық бағдарламасына қатысу

АҚШ халықаралық бағдарламасына қатысу

 2017 жылдың 25 қыркүйегі мен 13 қазаны аралығында Қазақстан делегациясы  АҚШ Мемлекеттік департаментінің қолдауымен жүзеге асатын  халықаралық келуші-көшбасшылардың   «STEM (нақты ғылымдар) пәндерін ағылшын тілінде оқыту»  тақырыбы бойынша бағдарламасына қатысуда.  

Келуші-көшбасшылар құрамына  «Өрлеу» БАҰО» АҚ Басқармасының төрайымы, педагогика ғылымдарының докторы, профессор Ахметова Г.К., «Өрлеу» БАҰО» АҚ Ақмола облысы бойынша филиалының директоры Исимбаев Е.Т.,  «Өрлеу» БАҰО» АҚ Солтүстік Қазақстан облысы бойынша филиалының директоры,  педагогика ғылымдарының докторы  Мурзалинова А.Ж.,   ҚР БжҒМ мектепке дейінгі және орта білім беру департаменті білім беруді ұйымдастырушылық және әдістемелік  қамтамасыз ету басқармасының бас сарапшысы   Касымова  Ш.Е. кірді. Бағдарламаны  «FHI 360» ұйымы жүзеге асырады.

 Сабақтарды өткізу Американың әр түрлі штаттары мен қалаларында жоспарланған. Вашингтонда (Колумбия) көшбасшылар АҚШ білім беру жүйесімен және жекеменшік мектептер мен пәндерді тереңдетіп оқытатын мектептердегі оқыту жүйесімен танысты.   Портлендте (Орегон) жоғары сынып оқушыларын оқыту ерекшеліктері, нақты пәндерді оқуға оқушыларды жұмылдыру мәселелері, «Мейкерспейстер» (қызығыушылықтары бойынша клубтар) қызметі қарастырылады.  Нақты ғылымдарды оқу бойынша сыныптан тыс бағдарламалар, шетел тілін үйрену және ену  бойынша бағдарламалар,  нақты пәндерді оқытудағы инновацияларды Цинциннатиде (Огайо)  оқыса, тілдерді тереңдетіп оқыту бойынша бағдарламаларды      Пенсаколда (Флорида) оқиды.

 Бағдарлама Нью-Йоркте нақты пәндерді оқу бойынша сыныптарға арналған жұмыстың   озық әдістерін  әзірлеуді көрсету  және көптілді білім беру ортасы үшін мұғалімдерді дайындау мәселелерін зерделеумен аяқталады.

Аталған бағдарламаға қатысу  Қазақстан Республикасы білім беру саласындағы үштілділікті дамыту бойынша міндеттерді жүзеге асыруда  АҚШ-тың озат тәжірибесін пайдалануға мүмкіндік беретіні сөзсіз.

06 қазан 2017 г. 904 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930