» » ХІІ республикалық Мұқағали Мақатаев оқуларының облыстық кезеңі

ХІІ республикалық Мұқағали Мақатаев оқуларының облыстық кезеңі

 «Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен мамандандырылған «Жас дарын» мектебінде 2017  жылдың 6-шы қазанында ХІІ республикалық  «Мұқағали Мақатаев оқулары» байқауының облыстық кезеңі өтті.Бұл туралы EDUNEWS.KZ ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Облыстық Мұқағали Мақатаев оқуларына облыстық оқу орындарынан  14 оқушы қатысты.

 «Менің пірім - Мұқағали» атты жыр бөлімінде оқушылар  ақын өлеңдерін жатқа оқыды. «Жауқазын жыр жанымды жүр мазалап» бөлімінде жас ақындар өз туындыларымен таныстырды. «Жыр эстафетасында»  қатысушылар  ақынның «Аққулар ұйықтағанда» және «Райымбек, Райымбек» поэмаларын мәнеріне келтіре отырып жатқа оқыды. Сайыстың төртінші бөлімінде берілген ұйқасты пайдалана отырып, тұжырымды, түйінді  шумақтарды қолма-қол шығарып, шабытты жырларын ұсынды. «Өлеңмен өрілген ой» бөлімінде берілген өлең құрылысына қарай талдау жасады. «Мұқағали мұрасын кім көп біледі?» бөлімінде 1 минуттың ішінде  ақын өмірі мен шығармашылығынан қаншалықты деңгейде хабардар екендігін анықтайтын 10 сұраққа жауап берді.

 Оқулардың қорытындысы бойынша бас жүлдені Ы.Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған гимназия-интернатының  10 сынып оқушысы Гүлнәр Жанболат иеленді.І дәрежелі дипломымен Лебяжі ауданы Тлектес жалпы орта білім беру мектебінің 8 сынып оқушысы Хайратбек Мақпал марапатталды.  ІІ дәрежелі  дипломына   Екібастұз қаласы № 36 мектеп-лицейінің 8 сынып оқушысы Тыныбек Қазына, Ақсу қаласы Ақжол жалпы орта білім беру мектебінің 7 сынып оқушысы Жүнисхан Айтолған және Павлодар қаласы № 40 жалпы орта білім беру мектебінің 11 сынып оқушысы Арман Жансая ие болды. ІІІ дәрежелі  диплом иегерлері – Екібастұз қаласы «Зерде» мамандандырылған  мектебінің 9 сынып оқушысы Сүйіндік Перизат,  Павлодар ауданы, Мичурин жалпы орта білім беру мектебінің 10 сынып оқушысы Айгозина Қымбат және Ақтоғай ауданы Шолақсор жалпы орта білім беру мектебінің 7 сынып оқушысы Қиден Бекназар марапатталды.

«Ұстаздық еткен жалықпас» номинациясымен жүлделі орын алған балаларды дайындаған қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері Төлеу Ұлжан және Апсаликова Айгүл Машраповна марапатталды.

09 қазан 2017 г. 5 304 0

Жаңалық тізбесі

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 11 944 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031