» » «Бала мен отбасы» тақырыбы бойынша диалогтық алаң ұйымдастырылып, өткізіледі

«Бала мен отбасы» тақырыбы бойынша диалогтық алаң ұйымдастырылып, өткізіледі

Астана қ.  Министрліктер үйі, 

Б-119  кеңсе, 

сағ. 10.00-13.00   2017 жылғы 21 қараша


 2017 жылғы 21 қарашада Дүниежүзілік балалар күніне арналған «Балаға мейірімді Қазақстан!» халықаралық конференциясы аясында «Бала мен отбасы» тақырыбы бойынша диалогтық алаң ұйымдастырылып, өткізіледі.

Іс-шараның мақсаты –  жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың құқықтарын қорғау саласындағы мемлекеттік саясаттың басты бағыттарын талқылау және БҰҰ-ның Бала құқықтары бойынша комитетінің ұсынымдарына сәйкес балалардың заңды мүдделері мен құқықтарын қамтамасыз ету бойынша ұсынымдарды әзірлеу.

Диалогтық алаң аясында отбасын қолдау бойынша қызметтерді дамытудың халықаралық тәжірибесі таныстырылады, балаларды орналастырудың отбасылық нысандарын дамытудың, Балалар үйлері түлектерінің сәтті әлеуметтенуі үшін жағдай жасаудың басты бағыттары, балалардың құқықтарын қорғау саласындағы қолданыстағы заңнамаға енгізілген өзгерістер мен толықтырулар тұрғысынан интернаттық мекемелерді реформалаудың келешегі мен проблемалары талқыланатын болады.

БҒМ бұған дейін атап өткеніндей, Мемлекет басшысының балаларды орналастырудың отбасылық нысандары тәжірибесін кеңейту арқылы Балалар үйлері тәрбиеленушілерінің санын қысқарту бойынша тапсырмасын орындау аясында соңғы 10 жылда интернаттық мекемелері тәрбиеленушілерінің жалпы контингенті 11 мың балаға азайды, ұйымдардың желісі 67 бірлікке қысқарды.

21 қараша 2017 г. 5 422 0

Жаңалық тізбесі

Нұрлы Отанымыз-тәуелсіз Қазақстан

15 желтоксан 2023 г. 17 226 0

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 21 613 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоксан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031