» » ҚАРАҒАНДЫ ИНДУСТРИЯЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ ТӘУЕЛСІЗ АККРЕДИТТЕУ ЖӘНЕ РЕЙТИНГ АГЕНТТІГІНІҢ «САПА ЖҰЛДЫЗЫ» БЕЛГІСІМЕН МАРАПАТТАЛДЫ!

ҚАРАҒАНДЫ ИНДУСТРИЯЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ ТӘУЕЛСІЗ АККРЕДИТТЕУ ЖӘНЕ РЕЙТИНГ АГЕНТТІГІНІҢ «САПА ЖҰЛДЫЗЫ» БЕЛГІСІМЕН МАРАПАТТАЛДЫ!

Алматыда Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ базасында аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігі (АРТА) ұйымдастырған «Жаһандық білім беру кеңістігіндегі трансұлттық өзара іс-қимыл» білім беру сапасын қамтамасыз ету жөніндегі VI Орталық Азия Халықаралық форумы өтті. Форум аясында университеттердің еуразиялық рейтинг қорытындысы бойынша үздік академиялық жетістіктері мен зерттеулерге бейілділігі үшін Қарағанды индустриялық университеті осы агенттіктің «Сапа жұлдызы» белгісімен марапатталды.

Форум жұмысына ҚР Білім және ғылым министрі Саясат Нұрбек, ҚР Парламенті Сенатының депутаты Б.Т. Жұмағұлов, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоры Б.Т.Түймебаев,  ҚР Парламенті Сенаты жанындағы сенаторлар кеңесі төрағасының орынбасары Б.С. Айтимова, ЖОО ректорлары, мемлекеттік органдардың өкілдері, парламенттердің, халықаралық аккредиттеу агенттігінің депутаттары, Қазақстан, Германия, АҚШ, Үндістан, Түркия, Латвия, Әзірбайжан, Молдова, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан және басқа да елдердің жоғары білім сапасын қамтамасыз ету желілері қатысты. Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігі (НААР) – білім беру сапасын қамтамасыз ету жөніндегі жетекші халықаралық аккредиттеу агенттігі, EQAR сапаны қамтамасыз етудің еуропалық тізіліміне кіреді және ENQA жоғары білім берудегі сапаны қамтамасыз ету жөніндегі Еуропалық қауымдастықтың толыққанды мүшесі болып табылады.

Біздің университет Тәуелсіз аккредиттеу және рейтинг агенттігі рейтингтеріне белсенді қатысады және бірқатар мамандықтар бойынша жетекші орындарға ие.  ҚарИУ бакалавриат пен магистратураның білім беру бағдарламаларын халықаралық мамандандырылған аккредиттеуден сәтті өтті. 


Дереккөз: Қарағанды индустриялық университетінің баспасөз қызметі.
13 қазан 2022 г. 1 502 0

Жаңалық тізбесі

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 12 620 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930