» » Жасөспірімдердің жаңа буыны

Жасөспірімдердің жаңа буыны

 Жетінші жыл қатарынан жасөспірімдер олимпиадасы Павлодар облысының барлық мектептерінен ең талантты, дарынды оқушыларды жинайды. Дарынды балаларға арналған №8 лицей-мектебінде 2017 жылғы 21 қыркүйекте математика пәнінен VІІ облыстық жасөспірімдер олимпиадасы өткізілді.Бұл туралы EDUNEWS.KZ ақпараттық агенттігі хабарлайды.

 Жылдан жылға олимпиада қатысушыларының саны өсуде.  Егер  2016 жылы олимпиадаға 7-8 сыныптарының 89 оқушысы келсе, биыл 106 оқушы қатысты.

Олимпиада қорытындысы бойынша жоғары нәтиже көрсеткен оқушылар І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдармен марапатталып, Қ. И. Сәтбаев атындағы Халықаралық олимпиадасына, Новосібір мемлекеттік университеті мамандандырылған оқу-ғылыми орталығының Күзгі мектебіне жолдама алды.

І орынды  дарынды балаларға арналған  №8 лицей-мектебінің 8 сынып оқушылары Горьков Анатолий, Лаптева Анна, Искакова Аружан иеленді.

ІІ орын иегерлері – дарынды балаларға арналған  №8 лицей-мектебінің 7 сынып оқушылары Ибраев Алдияр, Шварц Максим,  8 сынып оқушылары Есенко Яков, Токкожин Санжар, Уколов Иван, Горбатюк Святогор.

ІІІ орынға «Жас дарын» мамандандырылған мектебінің 8 сынып оқушысы  Ғұмран Әлімжан,  Екібастұз қаласы дарынды балаларға арналған №1 лицей-мектебінің 7 сынып оқушысы Крючков Владислав, дарынды балаларға арналған Абай атындағы №10 лицей-мектебінің 6 сынып оқушысы Ербатыр Асанали ие болды.

Құрмет грамотасымен  Ы.Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған облыстық қазақ  гимназия-интернатының 8 сынып оқушысы Болат Диас және  Екібастұз қаласы  №9 ЖОББМ 8 сынып оқушысы Омаров Ильяс марапатталды.

  
22 қыркүйек 2017 г. 1 215 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031