» » Жас физиктердің дәстүрлі олимпиадасы өтті

Жас физиктердің дәстүрлі олимпиадасы өтті

 Дарынды балаларға арналған №3 гимназиясында  2017 жылғы 27 қыркүйек күні физика пәнінен VІІ облыстық жасөспірімдер олимпиадасы өтті.Бұл туралы EDUNEWS.KZ ақпараттық агенттігі хабарлайды.

 Жеті жыл қатарынан жасөспірімдер олимпиадасы облысымыздың барлық мектептерінен ең талантты, дарынды оқушыларды жинайды. Олимпиадаға  Павлодар, Ақсу, Екібастұз қалалары, Павлодар облысының аудандары жалпы орта білім беру, мамандандырылған мектептерінің және Назарбаев Зияткерлік мектебінің 67 оқушысы қатысты.

Олимпиада қорытындысы бойынша ең жоғары 100% нәтижені  бір ғана дарынды балаларға арналған  №8 лицей-мектебі көрсете алды. Бұл мектептің барлық төрт оқушысы І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдармен марапатталды.

 І орынды дарынды балаларға арналған  №8 лицей-мектебінің 8 сынып оқушылары Драганчук Антон және Укибаев Ануар иеленді.

ІІ орын иегерлері: дарынды балаларға арналған №8 лицей-мектебінің 7 сынып оқушысы Рахимжанов Динмухамед.

 ІІІ орынға дарынды балаларға арналған №8 лицей-мектебінің 7 сынып оқушысы Лим Владимир ие болды.

Аталған білім ордасын тамаша жеңісімен құттықтаймыз!

  
28 қыркүйек 2017 г. 4 121 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930