» » Павлодарда Президенттік олимпиаданың өңірлік кезеңі өтті

Павлодарда Президенттік олимпиаданың өңірлік кезеңі өтті

 Республикамыздың барлық аймақтарында 2018 жылғы 26 қыркүйегінде бастау алған жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер бойынша 11 сынып оқушыларына арналған ХI Президенттік олимпиаданың І өңірлік кезеңі Павлодар мемлекеттік педагогикалық университеті негізінде өткізілді, деп хабарлайды «Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы.

ХI Президенттік олимпиаданың өңірлік кезеңіне облысымыздың 59 білім беру ұйымдарынан 127 оқушы қатысты - Павлодар, Ақсу қалаларынан, 10 ауданнан және 12 мамандандырылған мектептерінен, оның ішінде мемлекеттік тілде оқитын - 76, орыс тілінде - 51.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Интерактивті студия желісі арқылы 2018 жылғы 17 қазанда барлық аймақтарда бір мезгілде олимпиаданың 2-і іріктеу кезеңі өткізіледі. 2 турдан (қашықтықтан және шығармашылық (эссе жазу) тұратын іріктеу кезеңіне өңірлік кезеңнің 4 пәннен жинаған ұпайларын қосу арқылы анықталған 20 жеңімпаз қатысады.

Өңірлік кезеңнің 20 жеңімпазы: дарынды балаларға арналған №8 лицей-мектебінің оқушылары Токкожин Арсен, Кусиденов Адильхан, Ашенова Халифа және Букаева Асия, «Жас дарын» мамандандырылған мектебінің оқушылары Шонов Асылхан, Муратов Ислам, Карсенова Динара және Қуаныш Еркебұлан, дарынды балаларға арналған №3 гимназиясының оқушылары Акулинин Данил және Четвериков Федор, Ы.Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған облыстық қазақ гимназия-интернатының оқушысы Жуманов Қуатбек, Екібастұз қ. №1лицей-мектебінің оқушысы Букаева Эльмира, Павлодар қ. №9 гимназия-мектебінің, №16 лицей-мектебінің, №39, №17 мектептерінің, №20 лицей-мектебінің оқушылары Ульянова Майя, Вахрушева Елизавета, Ильяс Султан, Хасен Мейірман және Двинянина Екатерина, Ақсу қ. №4 мектебі және лицейінің оқушылары Григорьев Данил мен Тулегенова Алсу, Аққулы ауданы Шарбақты мектебінің оқушысы Шалабаев Алихан.

Іріктеу кезеңінің екі тур қорытындысы бойынша республикалық ұйымдастыру комитеті ХІ Президенттік олимпиаданың республикалық кезеңінің қатысушылар тізімін бекітеді.

27 қыркүйек 2018 г. 2 978 0

Жаңалық тізбесі

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 11 958 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031