» » Митохондрияның құрылымы мен қызметтері.

Митохондрияның құрылымы мен қызметтері.

Акибаева Анар Орынбасаровна

«Білім»  кәсіби   гуманитарлық-техникалық  колледжінің

биология пәні оқытушысы

Жамбыл облысы, Тараз  қаласы


Оқу сабағының жоспары

Сабақ  тақырыбы: Митохондрияның құрылымы мен қызметтері.

Модуль/Пән атауы: Биология

1. Жалпы мәліметтер

Курс, оқу жылы, топ 1-курс, 1ББ-1-22

Сабақ түрі: Аралас

2. Мақсаты, міндеттері: Білімгерлерге митохондрияның құрылымы мен қызметтерін.түсіндіру

3. Оқу-жаттығу процесінде білім алушылар меңгеретін күтілетін нәтижелер және кәсіби дағдылар тізбесі:

 1) Митохондрияның құрылымын сипаттайды;

2) Жасушаның тыныс алу процесі мен митохондрия құрылымы арасында байланыс орнатады.

4. Қажетті ресурстар: 

Техникалық –құрал жабдықтар

: • интерактивті тақта;

 • слайд – шоу;

карточкалар

5. Негізгі әдебиет:

Биология - Очкур Е.А., Курмангалиева Ж.Ж., Нуртаева М.А. Абылайханова Н. Қалыбаева А. Пәрімбекова А. Үсіпбек Б. Швецова Е., Қасымбаева Т.,"Тіршіліктану"

6. Сабақтың барысы:

6.1. Ұйымдастыру кезеңі: Сәлемдесу, білімгерлерді түгелдеу

6.2. Үй жұмысын жан-жақты тексеру:

«Топтастыру» стратегиясын пайдаланып, І топқа саркосомалар, ІІ топқа биобластылар, ІІІ топқа митохондриялар  аты беріледі.

“Менен сұрақ- Сізден жылдам жауап” әдісі

I - Деңгей

1. Зат алмасу неше кезеңнен тұрады? 3

2. Зат алмасу процесі не деп аталады? Метоболизм

3. Метоболизм неше бөліктен тұрады? 2

4. Пластикалық алмасу дегеніміз не? Анаболизм

5. Энергетикалық алмасу дегеніміз не? Катаболизм

6. Метаболизм неше қызмет атқарады? 2

II - Деңгей

7. Жасушадағы зат алмасу калай аталады және қандай сатыдан тұрады? Метабализм, ол 2 сатыдан тұрады: катабализм (ыдырау реакциясы) және анабализм (синтез реакциясы)  

8. Анаболизм қай тілден алынған және қалай аталады? (грек. Anabole – көтерілуі) 

9. Катаболизм қай тілден алынған және қалай аталады? (грек. Katabole  – қирату)

10. Метаболизм дегеніміз не? Зат алмасу процесі

11. Анаболизм дегеніміз не? Пластикалық алмасу және синтез реакциясы

12. Катаболизм дегеніміз не? Энергетикалық алмасу және ыдырау реакциясы

III – Деңгей

13. Метаболизмнің бірінші қызметі?  Жасушаны құрылыс материалымен қамтамасыз ету.

14. Метаболизмнің екінші қызметі?  Жасушаны энергиямен қамтамасыз ету

15. Сыртқы ортадан организм қандай заттарды алады? Оттек, органикалық заттар, минералды су

16. Гомеостаз дегеніміз не? Организмдердің ішкі параметрлерін өзгеріссіз сақтау қабілеті

17. Пластикалық және энергетикалық алмасудың негізгі шарттары? Жасушаның тіршілігін, өсуін, дамуын және қызметін қамтамасыз етеді

Биологиялық диктант

1. Зат алмасу процесі- .........   жүзеге асады.                метоболизмде

2. Метоболизм ....... ж/е ........ деп аталатын екі бөліктен тұрады.           катаболизм ,   анаболизм

3. Синтез реакциялары ....... н/е ....... деп аталады.    анаболизм , пластикалық алмасу

4. Ыдырау реакциялары ...... н/е ...... деп аталады.  катаболизм , энергетикалық алмасу

5. Метаболизмнің ....... қызметі - жасушаны ........ материалымен қамтамасыз ету.  1-ші ,  құрылыс

6.3.  Жаңа білімді баяндау.

Митохондрия

Жоспары:

1. Митохондрияға жалпы түсінік

2. Пішіні

3. Түрі

4. Орналасуы

5. Өлшемі және пішіні

6. Құрамы

7. Митохондрияның биологиялық рөлі

8. Құрылысы

 

Митохондриялар (гр. μίτος — жіп және χόνδρος — түйіршік) — жіпше және түйіршік тәрізді органоид.Ол автотрофты және гетеротрофты организмдердің цитоплазмасында кездеседі. Митохондрияларды ең бірінші 1850 жылы P. А. Келликер жәндіктердің Бұлшық еттерінен байкады, оған «сарқосома» деген термин берді (Бұлшық еттегі митохондрияларды осы кезге дейін осылай атап жүр). Альтман (1890 жылы) арнаулы бояулар арқылы митохондриялардың анық көрінетінін дәлелдеп, оларды «биобластылар» деп атады. Бенде 1898 жылы бұл органоидка митохондриялар деген ат берді. Михаэлис тірі жасушалардың митохондрияларын жасыл янус бояуымен бояп, олардың жасушадағы тотығу процестерімен байланысы бар екенін атап көрсетті. Митохондрия энергетикалық және тыныс алу центрі болып табылады. Сонымен қатар, тыныс алу барысындағы энергияның бөлінуіне жауапты.     Митохондрия рибосома сынды өзінің органоидтарын синтездейді.

Пішіні. Митохондриялардың көлемі тұрақты емес, сондықтан да олардың сыртқы пішіні әркез өзгермелі келеді. Көп жасушаларда олардың калыңдығы тұрақты (0,5 мкм), ал ұзындығы тұрақсыз (жіпше тәрізді митохондриялар) 7—10 мкм-ге дейін жетеді. Митохондриялардың шын көлемін жарық микроскопымен анықтау қиын. Электронды микроскоппен митохондриялардың жұқа (400—500 А°) кесінділерін тексеру арқылы да оның көлемін дэлелдеу оңайға түспейді. Сондықтан да мүмкіндігінше митохондриядан алынған көптеген жұқа кесінділердің реконструкциясын (кеңістіктегі көлемі) жасап, оның нақты көлемін анықтауға болады.

Митохондрияның құрылысы

 

Түрі. Митохондрияның саны жасушаның түріне қарай өзгермелі болады. Кейбір балдырлардың жасушаларында және қарапайымдарда бір ғана митохондрия, әр түрлі жануарлардың аталық жыныс жасушаларында (спермотозоид) олардың саны 20 — 70-ке дейін, сүтқоректілердің дене жасушаларында 500 — 1000-на дейін, ал алып амебада (Сһао8 сһаоз) 500000 дейін жетеді. Жануарлар жасушаларына қарағанда жасыл өсімдіктерде митохондриялар аз кездеседі, өйткені митохондриялардың кейбір қызметтерін хлоропласттар атқарады.

 

Орналасуы. Митохондрия секциясында бауыр клеткаларын егеді.

 

Митохондриялар жасушаның цитоплазмасында біркелкі, ал кей жағдайларда, әсіресе, патология кезінде, ядроның айналасына немесе цитоплазманың шет жағына карай орналасады. Цитоплазмада жасуша қосындылары (гликоген, май) көп болған жағдайда олар митохондрияларды жасушаның шетіне ығыстырады. Митохондриялар митоз процесінде ұршық жіпшесінің айналасыиа шоғырланып, жасуша бөлінгенде олар жас жасушаларға тең беріледі. Негізінде митохондриялар АТФ керек жерлерге миофибрилдерге тақау, ал сперматозоидтарда талшықты оран орналасады.

Сонымен митохондриялардың саны жасушаның түріне және оның атқаратын қызметіне байланысты болады. Бауыр жасушасында болатын жалпы белоктың 30 — 35%-і митохондриялардың құрамында кездесетіні, ал бүйрскте 20% і болатыны анықталды.

Өлшемі және пішіні. Митохондрия екі мембранамен қоршалған, 6-7 нм шамасындай қалыңдығы бар, гиалоплазмадан бөліп тұратын сыртқы мембранадап жоне митохондрияның құрылысына карай күрделі өсінділер («криста») беретін ішкі мембранадан тұрады. Ішкі және сыртқы мембраналардың арасымда ені 10-20 нм-ге тең кеңістік болады. Ішкі мембрана митохондрияның ішіндегі матрикс немесе митоплазмасын қоршап жатады. Күрделі өсінділерді немесе кристалар құратын мембраналардың ара кашықтыры 10 — 20 нм шамасындаіі болады. Кристалардың митохондрияларда орналасуы әр түрлі, кейбір жасушаларда көлденең бағытта орналасады, кейбіреулері тармактаныи келеді. Қарапайымдардың, бір жасушалы балдырлардың, кейбір жогары сатыдары өсімдіктер мен жануарлардың жасуша аралық митохондриялардың ішкі мембранасының өсінділері түтікше.

 

      Тіршіліктегі митохондриялардың көлденең қимасының электронмикроскопиялық фотосуреті

 

Құрамы. Митохондрияның құрамында ақуыздар (65—70% құрғақ салмағының) липидтер (25—30%), нуклеин қышқылдары (ДНҚ, РНҚ) витаминдер және т. б. енеді. Митохондрияның құрамына енетін ақуыздардың көпшілігі — тотығу процесін қамтамасыз ететін, матриксінде және ішкі мембраналарында орналасқан ферменттер. Митохондриялардың қызметі осы ферменттерге байланысты. Митохондрияның сыртқы мембранасының кұрамындағы ақуыздар 20% болса, ал ішкі мембранасында 75%-ке дейін жетеді, мұның өзі оның басқа клетканың мембраналарына карағанда ерекшелігін көрсетеді. Митохондрияның сыртқы мембранасы көрсеткіштері жағынан эндоплазмалық торға ұқсас. Сыртқы мембранада және мембрана аралық кеңістікте тотығу процесіне қатысатын ферменттер аз болады. Сонымен митохондриядағы ферменттер жасушаның тыныс алуына қажетті ферменттер болып табылады. Митохондрияның матриксінде «Кребс» цикліне қатысатын ферменттер шоғырланады. Ішкі мембранасында электрондарды тасымалдайтын тізбек және фосфорландыру процесіне қатысатын тасымалдау ферменттері (АДФ-тен АТФ) орналасады. Митохондрияда органикалық субстраттардың тотығуы және АДФ фосфорлануы нәтижесіндс АТФ синтезделеді, сондықтан да митохондрияны жасушаның күш беретін станциясы деп атайды. Клеткадағы тотығу және энергия жинау процестері бірнеше кезеңмен жүреді.

Митохондрияның биологиялық рөлі. Митохондрияда синтезделген АТФ молекуласы еркін жылжып цитоплазмаға, одан ядроға және әр түрлі органоидтарға өтіп, биохимиялық реакцияларға жұмсалады. Митохондриялық ДНҚ ішкі жарғақшаны құрайтын кейбір ақуызды синтездейді. Ол ақуыз,май, нуклеин қышқылдарынан басқа зат алмасуға белсенді қатысатын ферменттерден және А,С дәрумендерінен тұрады. Жаңа митохондриялар бұрынғы митохондриялардың бөлінуі арқылы пайда болады.

Құрылысы. Бастапқы субстрат ретінде әр түрлі көмірсулар май қышқылдары, аминқышқылдары қолданылады. Көмірсулардың бастапқы тотығуы гиалоплазмада оттегісіз жүреді. Сондықтан оны анаэробты тотығу немесе гликолиз деп атайды. Анаэробты тотығудың негізгі субстраты глюкоза, Кейбір бактериялар энергияны пентозаның, май қышқылдарының аминқышқылдарының тотығуы арқылы алады. Бұл процесс мына теңдеуге сэйкес келеді:
С6Н1206 + 602 -н-6Н20 + 6С02 + 680 ккал.
Клеткада энергия бірден бөлінбейді, ол сатыланып жүреді, химиялық энергия жылуға айналмайды, ол тек макроэнергиялық байланыска АТФ-ке ауысады.

Гликолиз процесінде глюкоза триозаға дейін ыдырайды, мұнда 2 молекула АТФ жұмсалады да, 4 молекула АТФ синтезделеді, сонымен 1 моль глюкоза ыдырағанда 10% энергия жұмсалады. Гликолиз процесінде аз энергия жұмсалғанмен де бұл табиғатта жиі кездеседі. Микроорганизмдердің, кейбір ішек паразиттерінің, жаңадан дамып келе жатқан эмбриональды организмдердің жасушалары үшін гликолиз негізгі энергия көзі болып табылады. Сүтқоректілердің эритроциттері өздеріне керекті энергияны гликолиз арқылы алады, өйткені оларда митохондриялар болмайды. Гликолиз процесінде пайда болған триозалардың одан эрі тотығуы осы митохондриялардың өздерінде жүреді. Мұнда барлық химиялық қосылыстардан ыдыраған энергия қолданылады, осыған байланысты С02 бөлінеді және оттегін қолдана отырып көп мөлшерде АТФ синтезделеді. Бұл процестер трикарбон қышқылының тоғыруымен жүреді. Осыдан АТФ-тың фосфорлануы арқылы АТФ молекулалары синтезделеді. Митохондрияларда толық белок синтездейтін жүйе болады, осыған байланысты ол өзінің ДНҚ-сы арқылы РНҚ молекулаларын синтездейді. Митохондрия құрамында рибосомдар болғандықтан, белок синтезі тұрақты жүреді. Митохондриялардың кұрамындағы ДНҚ-ның ядродағы ДНҚ-дан айырмашылығы болады (молекулалық салмағы жағынан және нуклеотидтердің кұрамы және орналасуы жағынан).Митохондрияда жүретін ДНК синтезінің ядродағы ДНК синтезімен байланысы жоқ, олар өз ферменттері арқылы ғана байланысады. Митохондриялардың матриксында ДНК матрицасы арқылы РНК синтезі өтеді. Митохондрияда РНК-ның информациялық, тасымалдаушы, рибосомды түрлері синтезделеді.

 

6.4. Жаңа материалды бекіту: Бинго ойыны

 

1. Митохондрияның құрамына нелер  енеді?. Ақуыздар (65—70% құрғақ салмағының) липидтер (25—30%), нуклеин қышқылдары (ДНҚ, РНҚ) витаминдер

2. Митохондрияның көп жасушаларда калыңдығы?  (0,5 мкм)

3. Митохондриялардың кейбір қызметтерін не атқарады?  Хлоропласттар

4. Ішкі және сыртқы мембраналардың арасында митохондриялардың ені нешеге тең? 10-20 нм

5. Митохондрияның сыртқы мембранасының кұрамындағы ақуыздар неше пайыз болады? 20%

6. Митохондрияның ішкі мембранасында ақуыздар неше пайыз болады?  75%-ке

7. Неліктен митохондрияны жасушаның күш беретін станциясы деп атайды? Митохондрияда органикалық субстраттардың тотығуы және АДФ фосфорлануы нәтижесіндс АТФ синтезделеді,

8. Көмірсулардың бастапқы тотығуы гиалоплазмада оттегісіз жүреді, сондықтан оны не деп атайды? Анаэробты тотығу немесе гликолиз

9. Гликолиз процесінде 1 моль глюкоза ыдырағанда неше пайыз энергия жұмсалады? 10%

10. Митохондрияның сыртқы мембранасы көрсеткіштері жағынан қандай органоидқа ұқсас?

Эндоплазмалық торға

11. Митохондрия дегеніміз не? Жасушаның тыныс алу процесін қамтамасыз ететін органоид

12. Митохондрияның негізгі қызметі? АТФ синтездеу

13. Митохондрияның қосымша қызметі? Стероидтық гормондарды және глутамин қышқылын синтездейді

14. Митохондрия қандай дәрумендерден тұрады?  А, С.

15. Митохондрияның құрамына неше пайыз липидтер енеді?  (25—30%) 

16. Митос қай тілден аударылған және қандай мағынаны береді? Грек тілі - Желі деген сөз

17. Хондрос қандай мағынаны береді? Дән, түйір

18. Созылмалы және құбылмалы органоидтер. Митохондрия

19. Митохондрияларды ең бірінші кім және қай жылы жәндіктердің бұлшық еттерінен байкады? 1850 жылы P. А. Келликер

20. Митохондрияларды ең бірінші не деген термин берілді? «Саркосома»

21. Автотрофты және гетеротрофты организмдердің цитоплазмасында не кездеседі? Митохондрия

22. Митохондрияларды екінші болып кім және қай жылы арнаулы бояулар арқылы митохондриялардың анық көрінетінін дәлелдеді?  Р. Альтман (1894 жылы)

23. Митохондриялардың екінші терминін не деп атады. «Биобластылар»

24. Кім және қай жылы органоидка митохондриялар деген ат берді? К. Бенде 1898 жылы

25. Жіпше тәрізді митохондриялар ұзындығы?  7—10 мкм

Сергіту сәті:  Дене жаттығуы

Тест сұрақтары

 

                    І нұсқа 

 1. Митос қай тілден аударылған және қандай мағынаны береді?

а) Грек тілі - Желі деген сөз

      в) Грек тілі - Жасуша деген сөз.
с) Грек тілі - Ақуыз деген сөз
д) Грек тілі - Организм деген сөз.

 

2. Хондрос қандай мағынаны береді?

 

        а) Жасуша      в) Желі          с) Дән, түйір                 д) нәруыз  

 

       

 

 3. Созылмалы және құбылмалы органоид. а) Пластид    в) Митохондрия      с) Саркосома   д) Фосфат         

 

 

 

4. Митохондрияларды ең бірінші кім және қай жылы жәндіктердің бұлшық еттерінен байкады?

 

     а) 1850 жылы P. А. Келликер    в) Р. Альтман (1890 жылы)     с) К. Бенде 1898 жылы   д) Альтман (1894 жылы)  

 

       

 

5. Митохондрияларды ең бірінші не деген термин берілді?     а) «Саркосома»  в) «Биобластылар»     с) Митохондрия   

 

             д) Митос               

 

 

 

                 ІІ   нұсқа 

 

1.Автотрофты және гетеротрофты организмдердің цитоплазмасында не кездеседі?

 

   а) Фермент       в) Митохондрия        с) Жасуша        д) Мемрана   

 

      

 

2. Митохондрияларды екінші болып кім және қай жылы арнаулы бояулар арқылы митохондриялардың анық көрінетінін дәлелдеді? 

 

 а) Р. Альтман (1894 жылы)   в) 1850 жылы P. А. Келликер    с) К. Бенде 1898 жылы   д) К. Бенде 1847 жылы

 

                  

 

3. Митохондриялардың екінші терминін не деп атады? 

 

   а) «Саркосома»        в) Митохондрия        с) «Биобластылар»   д) Митос    

 

    

 

4. Кім және қай жылы органоидка митохондриялар деген ат берді?

 

      а) Р. Альтман (1890 жылы)        в) 1850 жылы P. А. Келликер      с) К. Бенде 1898 жылы   д) К. Бенде 1894 жылы           

 

 

 

5. Жіпше тәрізді митохондриялар ұзындығы? 

 

    а) 1-10 мкм     в) 5-15 мкм     с) 1-7 мкм 

 

          д) 7—10 мкм       

 
 
 

 

 

Дұрыс жауаптары

 

 

 

І нұсқа –  а, с, в, а, а.         ІІ нұсқа –  в, а, с, с, д. 

 

 

 

 

 

6.5. Бағалау

 

 

 

№ 

Білімгердің 

 аты -жөні 

“Менен сұрақ- Сізден жылдам жауап” 

“Биологиялық диктант” 

Жаңа  сабақты  баяндау 

Бинго ойыны

Тест қорытындысы 

Бағалау, қорытынды. 

 

1

 

90

85

75

80

92

85

 

2

 

 

 

 

 

 

 

 

3

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

         
17 май 2023 г. 33 306 0

Лента новостей

Новый профсоюзной лидер.

08 октябрь 2024 г. 944 0

Уважаемые коллеги!

07 ноябрь 2022 г. 15 807 0

Архив новостей

«    Декабрь 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031