РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ИДЕЯЛАР ПАНОРАМАСЫ – 2022» КОНКУРСЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ
Бүгінгі таңда мемлекет саясатының басты стратегиялық тапсырмасы – отандық білім беру жүйесін дамыту, өскелең ұрпақты алдыңғы қатарлы біліммен қамтамасыз ету. Жаһандану дәуірінде күн сайын ақпарат алмасу, зияткерлік өнімдер мен идеялар көбейіп келе жатыр.

Осыған орай, «Өрлеу» Біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ жетекшілігімен «Педагогикалық идеялар панорамасы» атты бейне-сабақтар мен бейне дәрістердің жыл сайынғы Республикалық конкурсы ұйымдастырылды.
Конкурстың мақсаты – біріңғай ақпараттық-білім кеңістігінде заманауи педагогикалық тәжірибені жинақтау және насихаттау, педагогтардың ақпараттық-коммуникациялық және технологиялық құзыреттіліктерін арттыру. Конкурс 3 кезеңнен тұрады: даярлық, өңірлік, республикалық.
Соңғы кезеңде қазылар алқасы 22 номинация бойынша 286 жұмысты қарап, үздіктерді анықтады.
Салтанатты рәсім 22 желтоқсанда сағат 15:00-де тікелей эфирде Қазақстан Республикасының оқу-ағарту бірінші вице-министрі Шолпан Каринованың, Өрлеу Басқармасының, Оқу-ағарту министрлігінің өкілдері мен еліміздің педагогтерінің қатысуымен өтті.
Алматы облысы 4 номинация бойынша жүлделі орындарды иеленді. Атап айтсақ:
1 орын – Джабаева Айнұр Тынышбековна
Талғар ауданы, І.Жансүгіров атындағы №37 ЖББ орта мектебінің информатика пәні мұғалімі
2 орын – Исмаилова Гульсаням Мирзалимовна
Ұйғыр ауданы, КГУ №1 Шонжы мектеп-лицейінің физика пәні мұғалімі
3 орын – Жунисова Куралай Аскарбековна
Жамбыл ауданы, Қарсақбаев ат. ОМ орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
3 орын – Махпиров ВалерийАнварович
Ұйғыр ауданы, Илья Молутов (Бахтия) ат. №3 ОМ негізгіәскери-техникалық оқыту пәні мұғалімі
Республикалық кезеңде жүлделі орын алған жеңімпаздарды құттықтаймыз және қызметтеріне толағай табыстар тілейміз!
Автор: Айгүл Нұрақбай, «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Алматы облысы бойынша кәсіби даму институты, PR маманы