«ПЕДАГОГТЕРДІҢ КӘСІБИ ДАМУЫНЫҢ ЖАҢА ФОРМАТЫ» ТАҚЫРЫБЫНДА БРИФИНГ ӨТТІ
2022 жылы 3 қараша күні «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Алматы облысы бойынша кәсіби даму институты ұйымдастыруымен «Педагогтердің кәсіби дамуының жаңа форматы» атты брифинг-сессия өтті.
Брифинг мақсаты – «Өрлеудің» қол жеткізген жетістіктерімен, біліктілікті арттыру саласында енгізіліп жатқан жаңа бағдарламалары және жобаларымен педагогикалық қауымдастықты таныстыру, педагогтардың кәсібилігін жетілдірудің жаңа форматы және «Өрлеу» мен Алматы Менеджмент Университеті бірлесе дайындаған «Жаңа мектеп: нәтижелі басқару командалары» курсы жайлы ақпарат беру.
Шара барысында «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Алматы облысы бойынша кәсіби даму институты Жетісу облысы бойынша өкілдігінің бас әдіскері А.Е. Тогасова облыс көлемінде атқарылып жатқан жұмыстарға шолу жасады.
«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Алматы облысы бойынша кәсіби даму институты м.а. Х.Т. Масимова ағымдағы жылы біліктілікті арттыру курстарының жаңа циклі білім беру бағдарламаларын жаңарту арқылы басталғандығы және 122 бағдарлама жаңартылғандығы жайлы тоқталып өтті.
Сонымен қатар, Хуршидам Ташболатқызы «Алматы Менеджмент Университеті» Білім беруді дамыту институтымен, сондай-ақ UNICEF білім беру саласындағы сарапшылар мен тәжірибелі мамандармен ынтымақтастық арқылы жалпы білім беретін мектептердің басшылары мен орынбасарлары және кадр резервінің өкілдері үшін білім беру менеджменті бойынша 72 сағаттық курс әзірленгендігін айтып, мектеп басшылары өз командаларын тиімді басқарып, сыртқы стейкхолдерлермен табысты өзара іс-әрекеттесуге қабілетті болуы үшін стратегиялық менеджмент пен көшбасшылыққа үйрететіндігін алға тартты.
Курс жайлы толық ақпаратты Алматы Менеджмент Университетінің сайтынан https://event.almau.edu.kz/ көре аласыздар.