» » Мейірімді болса жүрек – орындалар тілек

Мейірімді болса жүрек – орындалар тілек

Психологиялық қызмет әлеуметтік ортаның барлық салаларында кеңінен тарап келе жатыр. Білім беру жүйесінде, оның ішінде орта мектепте, осы қызметті ұйымдастырудың өзіне тән қиындықтары мен шешілмеген проблемалары өте көп. Мектеп психологтары жұмыс мазмұнын анықтау үшін өткен ғасырда жасалған көптеген психодиагностикалық әдістемелерді және оларды пайдалану ережелерін қазіргі кездегі психологиялық қызметпен ұштастыра алуында.

       Белгілі психологтар еңбектерінде психолог қызметінің мақсаты мен міндеттері, психологиялық қызмет моделі, мектептегі психологиялық қызметтің мазмұны мен зерттеу жүргізу әдістемелері анықталған. Бұл ұсыныстардың негізгі қағидалары мектеп психологиялық қызметінде кеңінен қолданылып жүр. Психолог өз жұмысын бірнеше бағыттарда ұйымдастыруды қажет етеді.

      Қазіргі таңда практикалық психология белсенді даму үстінде. Психология  күнделікті өмірде болып жатқан құбылыстардың мәнін ұғынуды, бала тәрбиесі, психикалық  тұрғыдан денсаулық туралы, тұлғалық даму туралы ойланатын, түсінгісі келетін әр адамның ең жақын қолдаушысына айналуы тиіс.

       Ұлдардың, қыздардың жүріс-тұрысы, киім киінуі, құрбы-құрдастарымен, айналысымен қарым-қатынасы, бәрі де арнайы білім алумен бірге тәрбиеге тығыз байланысты. Біз, ата-ана, мұғалімдер және психологтар – оларға көрсеқызарлық, жеңіл мінезділік, жат қылықтардан гөрі татулық, адамгершілік қасиеттерді көбірек айтып, бойларына сіңіре отырып, тәрбие өзегіне айналдырамыз. Осы орайда мектеп педагогтары мен ата-аналардың педагогикалық-психологиялық сауаттылығы маңызды. Мектеп мұғалімдерімен өткізілген,нәтижесі екпінді,жаңаша бағытта жұмыс жасауға түрткі    болған тренинг желісін  көпшілік назарына көмекші құрал ретінде ұсынуды жөн көрдім.

Тақырыбы: Мейірімді болса жүрек – орындалар тілек

Мақсаты: Ұстаздарды инновациялық әдіс тәсілдерді тәжірибелеріне енгізе отырып, өз кәсібіне деген ынтасын, логикалық ойлау қабілетін, шығармашылық ізденісін, ой-қиялын арттыру.

Мұғалімнің эмоциялық көңіл-күйлерін көтеру, топтасып жұмыс істеу жүйесін әрі қарай дамыту. Ұстаздардың өз кәсібіне деген ынтасын арттыру.

Түрі: Психологиялық тренинг

Әдісі: Топтық жұмыс, сұрақ-жауап,опликация, ой бөлісу және пікір алмасу.

Көрнекілігі: Плакаттар, маркерлер, компьютер, интерактивті тақта, жүрекше, смайликтер, қобдиша, А4,А3

Тренинг ережесі:

1. Белсенділікті арттыру.

2. Бірлесіп жұмыс істеу.

3. Бір-біріне кедергі келтірмеу.

4. Өз ойын  ашық айта білуге үйрену.

5. Өзіне пайдалы нәрсені алу.

6. Әріптестермен жақсы қарым-қатынас орнату.

7. Өзін еркін ұстауға үйрету.

Психолог сөзі: Сәлеметсіздерме, ұлағатты ұстаздар! Бүгін сіздердің психикалық көңіл-күйлеріңізді көтеруге, өз бойларыңыздағы шығармашылық қабілеттеріңізді бағалай білуге, өз-өзіңізге құрметпен қарауға, бір-біріңізбен сыйластық қарым-қатынасты нығайтуға арналған «Мейірімді болса жүрек – орындалар тілек» атты тренингке  ұйымшылдықпен қатысуға шақырамын.




I. Ұйымдастыру кезеңі. 

«Амандасу тренингі» қол шапалақтау.

«Жан жылуы» жаттығуы. Қолддарынан ұстап бір-біріне төмендегі сөздерді хормен айтады.

Мен сенен жылу аламын (сол жағына қарайды)

Жүрегіме саламын (тура қарайды)

Досыма сыйлаймын (оңға қарайды)

Сәттілік тілеймін (тура қарайды).

«Сиқырлы қобдиша» жаттығуы: Қобдишаны бір-біріңнің қолдарыңа бересіздер, қобдишаны алған адам оны ашып ішіне қарайды.

Оның ішіндегі кішкентай өзеннен сіздер жан-жақты және қайталанбайтын бейнені көресіздер. Оған күліп қарауларыңыз керек.















Психолог  талдауы: жан-жақты және қайталанбайтын бейне деген сөзді қалай түсінесіздер?

- Сіздер ол бейнеге күліп қарағанда, ол сізге қалай қарады?

- Қобдишаның ішінен қандай құпияны күттіңіздер?

      Демек, біз, сіз, әрбір адам өз алдына жан-жақты қайталанбайтын дүние екен. Ендеше, сіздердің «сиқырлы қобдишадан » күткен құпия сырларыңыз сияқты, мен сіздермен құпия ойындар мен тапсырмаларға толы тренингмізді бастаймын.

«Жемістер жинау» жаттығуы: Құрметті әріптестер қазір сіздер мына жемістерден өздеріңіз қалағанын алып, себеттерге саласыздар.(осыған байланысты үш топқа бөлеміз, әр топ өздеріне ат қояды,топ басын сайлайды)

II. «Негізгі бөлім»

«Моншақ»жаттығуы: ( 3 топқа да, алдын ала стол үстіне 3 ине мен жіп беріледі)

Психолог сөзі: Нұсқау: менің қолымдағы моншақтан өздеріңіз қалағандарыңызша алыңыздар.

Енді алған моншақтың санына қарай өз есіміңізді атай отырып,жақсы қасиеттеріңізді атаңыз.  Мына ине-жіпке жақсы қасиеттеріңізді тізіп көрейік. Әр топ өздеріне моншақ жасайды.















Психолог талдауы: Көрдіңіздерме, осы жақсы қасиеттерді біріктіре отырып, сіздер әлі талай шыңдардан көрінетіндеріңізге мен де, сіздер де сенімдісіздер.

Бір- бірімізге қол соғып қоямыз. Рахмет, келесі тапсырмаға көшеміз.

      «Нұрлы жүрек» жаттығуы: «Ұстаздармен сұхбаттасу жолы».Олай болса назарларыңызды экранға аударайық.Мінекей, сіздерге бірнеше сұрақтар беріліп тұр.

1. Сіздің бала кезіңіздегі арманыңыз қандай?

2. Сіздің қызығушылығыңыз қандай?

3. Сіз қандай оқушыны ұнатпайсыз?

4. Ең сүйікті мейрамыңыз қандай?

5. Өз мамандығыңыз сізге ұнай ма?

6. Бос уақытыңызда немен айналысасыз?

7. Мұғалімдіктен басқа қандай мамандыққа барар едіңіз?

8. Оқушы бойынан қандай қасиет көргіңіз келеді?

9. Сзге ұнамайтын үйірмелер бар ма?

10. Сіздің қолыңызда билік болса, қандай үйірме ашар едіңіз?

Психолг  сөзі: Нұсқау: алдарыңыздағы А4 ақ қағазға әркім қос қолының суретін бастырып алады және сауақтарға өз жауаптарын жазып, ал есімдерін ортадағы жүрекшеге жазу керек.

Мұғалімдер жауабы:

Психолог: Рахмет сіздерге, әрқашанда жүректеріңіз нұрлы болсын деген тілекпен  тренингімізді жалғастырамыз.

«Опликация»жаттығуы: бұл бөлім бойынша әр топ өзі таңдап алған түсінен плакатқа жабыстыру арқылы белгілі бір бейнені білдіреді.

Нұсқау: мына бөліп қойған түстерді топ басыларыңыз таңдауға болады.

Енді 1 топқа – қызыл, жасыл түс 

2-топқа – көк, сары түс

3 топқа- көк,сары түс

( Топ басылары өз ойларын жеткізеді)















Психолог сөзі:

«Еңбек ағашы »жаттығуы: қазір сіздерге үш түрлі қағаз қиындысы таратылып беріледі. Сол қағазға өз ойларыңызды жазып әр қайсысын өз орнына ілесіздер.

- Бұталарға- мұғалім қандай болу керек?

- Жапырақтарға- мұғалімнің түпкі мақсат-мұраты

- Гүлдер- мұғалім еңбегінің нәтижесі

- Жемістер- шәкірт қандай болу керек?

Мұғалімдер ойы:

Психолг  сөзі: Міне , сіздер «Еңбек ағашын» құрастырып шығардыңыздар. Сіздің еңбектеріңіздің жемісі осы емеспе? Керемет, өте тамаша! Рахмет!

Рефлексия: «Ашығын айтсам»

1. Бүгінгі тренинг сіздерге ұнады ма?

2. Тенингтен қандай әсер алдыңыз?

3. Тренингтен кейінгі көңіл- күйіңіз қандай?

Психолог сөзі: Жүректен шыққан сөз жүрекке жол табады.

 Шенбер бойынша тұрып,жүректі үлестіру арқылы бір-біріне тілек айту.

Жылы сөз адамдарды достастырады, сабырлы болуға, денсаулығын сақтауға, көңілін көтеруге, ашуын қайтаруға септігін тигізеді. әр айтылған сөзді адам жүрегімен қабыл-дайды. Сондықтан, қолдан келгенше бір-бірімізге жылы, жақсы сөздер айтқан дұрыс.

Қорытынды: Адам өмірде екі нәрсемен қартаймайды, біріншісі-қайырымды ісі, екіншісі- жүректен шыққан жылы сөзі. Әрқашанда бір-бірімізге жылы сөздер айтып, бір-бірімізге қайырымды болайық. Мейірімді болса жүрек – орындалар тілек.

         Білім беру жүйесінде психологиялық қызмет көрсетуді ұйымдастыруға соңғы кезде үлкен назар аударылуда, өйткені мектептегі оқушылардың жеке ерекшелігін, таным процестерін толық меңгеруде, ата-аналар мен мұғалімдердің көптеген мәселелерін

шешуде, психологиялық жағынан көмек беруде мұғалімдерге күш түсуде. Сондықтан да білім беру жүйесінде психологиялық қызметті ұйымдастыру күн тәртібінде тұрған мәселелердің бірі болып отыр. 

        Психологтың барлық міндеттерін, этикалық және эстетикалық талғамдарын сақтай отырып, мұғалімдердің,ата-аналардың,оқушылардың шығармашылық қабілеттерін, зияткерлігін арттыра отырып, мен өз қызметімнің алға басуына күшімді саламын. Себебі, мен өз ісімді қызығушылықпен орындап, басқалардың да қызыға қарайтын деңгейіне жеткізгім келеді.Сөз соңында айтарым:

           «Теңіз жағасында күнбе-күн бір қарт адам жағаға шығып қалған теңіз жұлдыз-шаларын еңкейіп алып теңізге кері лақтырып жүреді. Оны байқап жүрген бір  бала: «Ата, мұндай жұлдызшалар мың-мыңдап толып жүр ғой теңізде. Несіне әуре боласыз? Сіздің кері лақтырғаныңыздың қандай пайдасы, мәні бар?» депті. Сонда қарт кезекті жұлдызшаны көтеріпті де: «Оның мына жұлдызша үшін мәні бар» деп  жұлдызшаны суға жіберіпті.»















Әрбір адам – бір жұлдыз. Біздің міндетіміз әрбір адамның  жарқырауына көмектесу!!!                                      

Пайдаланылған әдебиеттер:

1.Асхат Әлімов « Интербелсенді әдістемені мектепте қолдану»  Алматы-2015ж.

2. «Қазіргі кезеңдегі психологиялық қызметтің негізгі жұмыс бағыттары мен іс-құжаттарының түрлері»Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі 2014 ж.

3.Сұлтанова Ғ.Т. «Мектеп психологының жұмыс кітабы» әдістемелік көмекші құрал

4. С.Нұржанова «Жалпы және балалар психологиясы»

5. Ф.Бизақова «» Тараз- 2013


 

Какибаева Бакытгул Сыбанбековна

Алматы облысы,

 Қаратал ауданы

 Қарақұм ауылы

Алғазы орта мектебі

бірінші санатты педагог – психолог 






28 январь 2019 г. 24 963 0

Лента новостей

Новый профсоюзной лидер.

08 октябрь 2024 г. 574 0

Уважаемые коллеги!

07 ноябрь 2022 г. 15 410 0

Архив новостей

«    Ноябрь 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930