» » КИМЭП Университетінің Спорт Орталығында мүмкіндігі шектеулі спортшылар арасында үстел теннисінен кезекті жарыс болады

КИМЭП Университетінің Спорт Орталығында мүмкіндігі шектеулі спортшылар арасында үстел теннисінен кезекті жарыс болады

  Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Күнін тойлау құрметіне КИМЭП Университеті  үстел теннисінің әуесқой ойыншылары мен кәсіби ойыншыларды бір үстелде –  турнирде «Special Olympics Games» мүмкіндігі шектеулі спортшыларды  қайтадан біріктірмек.  

2017 жылғы 25 қарашада КИМЭП Университетінің Спорт Орталығында мүмкіндігі шектеулі спортшылар арасында үстел теннисінен кезекті жарыс болады. «Special Olympics Games» өткізу КИМЭП Университеті үшін дәстүрге айналған, алғаш рет турнир 2016–2017 оқу жылы өткізіліп, онда жарыста басты жүлде үшін 40 спортшы бақ сынасқан болатын.   

КИМЭП Университеті тек қана академиялық салада ғана емес, жастардың арасында спортты дамыту және салауатты өмір салтын насихаттауда да ынтымақтастық пен өзара әрекеттестікті ынталандыру бастамасын үнемі көтеріп отырады. Бірнеше жылдар бойына КИМЭП-тегі үстел теннисі бойынша спорттық жарысқа әр түрлі қалалар мен жоғары оқу орындарынан студенттер қатысып келеді, ал, «Special Olympics Games» Арнайы Олимпиада қоғалысының нәтижесінде КИМЭП  интеллектуалдық мүмкіндігі шектеулі балаларды спортқа тартып, олардың қоғамға  бейімделуіне мүмкіндік береді.

Осы жылы жарыста ақтық мәреге жеткендер жүлделі орындар үшін кубоктармен және медальдармен марапатталады. Сондай-ақ  жарысқа қатысушылардың барлығына да медальдар мен мақтау қағаздары тапсырылатын болады.

Чемпионаттың демеушісі – «RocketPizza».

____________________________________________________________________________

Толық ақпарат алу үшін келесі телефонға хабарласыңыздар:

Турнир “Special Olympics Games”: +7 (727) 2704442, Спорт Орталығы

Өтетін орны: КИМЭП Университеті, Алматы қ., Абай даңғ. 4, Спорт Орталығы

Күні мен уақыты:  2017 жылғы 25 қараша, сағ. 10-00- 15-00.

24 қараша 2017 г. 366 0

Жаңалық тізбесі

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2018    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031