» » Е.Сағадиев Парижде ЮНЕСКО Бас конференциясының 39–шы сессиясында сөз сөйледі

Е.Сағадиев Парижде ЮНЕСКО Бас конференциясының 39–шы сессиясында сөз сөйледі

 Әлемнің  100-ден астам елдерінен жиналған білім министрлері саланың жаһандануы мәселелерін ЮНЕСКО аясындағы орнықты даму мақсаттарының бірі ретінде қарастырды. ЮНЕСКО сессиясының негізгі ойы – білім мазмұнын жаңғырту, саланың жаһандануы мен үдемелі интернационализациясы ғаламдық көзқарастағы және осындай жауапкершілігі бар қазіргі заманға сай жаңа буын қалыптастырудағы негізгі трендтер болып отыр.

Өз сөзінде ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев Қазақстанның білім саласындағы орнықты даму мақсаттары мен  интеграциялық үдерістерді қолдайтынын айтты.  Ол Астанада өткен «EХРО-2017» халықаралық көрмесінің жетістіктерін айта келе, оның негізінде БҰҰ-ның бес агенттіктерінің қолдауымен қызметін үнемі жалғастыратын Халықаралық «жасыл» технологиялар және «болашақтың энергиясы» орталығын құрып жатқаны жөнінде мәлімдеді.

Е.Сағадиев көрмеден кейінгі кезеңде Ислам ынтымақтастық ұйым мүше елдерінің ғылыми зерттеулер мен білім саласындағы жобаларды бірлесіп жүргізу жөніндегі шешімді Астанада өткізілген алғашқы Ғылым және технологиялар жөніндегі саммитінің нәтижесі ретінде атап өтті.

Білім саласының даму барысы туралы баяндаған министр мектептердің жоғары сыныптары мен колледждерде ағылшын тілінің пәндік деңгейде енгізу жоспарлары туралы айтты. Сонымен қатар ол еліміздегі жоғары оқу орындарының академиялық және басқару еріктігі едәуір кеңейетіндігі туралы мәлімдеді – бұл білім бағдарламаларын құрып, басқарудың тиімді тәсілдерін ендіруге мүмкіндік беріп, Қазақстанның Орталық Азия аймағындағы білім орталығына айналуына септігін тигізеді.  

Е.Сағадиев елдегі ЖОО-на шетелдік студенттерді тарту және ұлттық кәсіби стандарттар және біліктілік құрылымын халықаралық деңгеймен сәйкестендіру қажеттігі мәселелерін қозғап, Қазақстанның ЮНЕСКО аясында жасалып жатқан барлық бастамаларға қатысуға дайын екендігін жеткізді.

06 қараша 2017 г. 3 127 0

Жаңалық тізбесі

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 12 613 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930