» » МЕКТЕПІШІЛІК БАҚЫЛАУДЫ ЖОСПАРЛАУ, ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖӘНЕ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ

МЕКТЕПІШІЛІК БАҚЫЛАУДЫ ЖОСПАРЛАУ, ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖӘНЕ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ

Сугирбекова Шолпан Избасаровна  
Төле би атындағы №8 гимназия

Директордың оқу тәрбие ісі жөніндегі орынбасары
Тараз қаласы

 

МЕКТЕПІШІЛІК БАҚЫЛАУДЫ ЖОСПАРЛАУ, ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖӘНЕ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ

«Сіздің мансабыңыз қаншалықты жоғары болса да, сіз ең төменде не болып жатқанына жауап бересіз».                                   Генри Джеймс

Елімізде білім беру мен ғылымды дамыту бойынша жүйелі шаралар кешені іске асырылуда. Қазіргі жағдайда білім беру процесіне қатысушылардың қызметі білім беру сапасын арттыруға бағытталған.

Мектептегі әкімшілік және қоғамдық бақылаудың педагогикалық процестің әрбір қатысушысының өзін-өзі талдауы, өзін-өзі бақылауы және өзін-өзі бағалауымен үйлесуі мектеп жұмысына тән тәжірибе. Өзін-өзі басқару тәсіліне көшу барысында мектептің қызметін бағалау мектептің әдеттегі жұмысы.

Бақылау – басқарудың маңызды міндеттерінің бірі. Бақылау процесі стандарттарды (критерийлерді) орнатудан, қол жеткізілген нақты нәтижелерді өлшеуден және егер қол жеткізілген нәтижелер белгіленген стандарттардан айтарлықтай өзгеше болса, түзету әрекеттерінен тұрады.

Мұғалімнің жұмысының сапасы, оқушылардың білімі, олардың тәрбиесі сапаны басқарудың кешенді мақсатты бағдарламалары негізінде педагогикалық процесті мектепішілік басқарудың тиімділігі тұрғысынан зерттеліп, бағаланады. Мектептің  инновациялық қызметін одан әрі жетілдіру мақсатында бақылау, зерделеу, тексеру, мониторинг, ақпарат жинау және өңдеу, оны талдау, жүйелеу, жүйенің жай-күйін  айқындайтын мектепішілік бақылау.

Басқарудың

Мақсаты: мектепішілік бақылауды жоспарлау, ұйымдастыру және іске асыру, білім беру процесінің сапасын мониторингілеу жолдарымен бөлісу.

Міндеттері:

 - мектепішілік бақылауды жоспарлау алгаритмі;

 - МІБ ұйымдастыр кезеңдері;

 - МІБ іске асыру жолдары;

Педагогикалық бақылау түрлерінің, оның ұйымдастырушылық формалары мен құрылымдарының көптеген жіктелімі бар. 

Соның ішінде: 

Сыртқы бақылауды – білім беруді басқару органдары жүзеге асырады. Сыртқы бақылаудың мазмұны, әдетте мыналардан тұрады:

1. білім беру процесі жағдайларының лицензиялық талаптарға сәйкестігін бағалау

2. білім беру мазмұнының, деңгейі мен сапасының аттестаттау талаптарына сәйкестігін бағалау.

3. білім беру процесінің мақсатының, жағдайларының, мазмұны мен нәтижелерінің мәлімделген үлгідегі және оқу орны үшін аккредиттеу көрсеткіштеріне сәйкестігін бағалау. Акредиттеу 5 жылда бір рет расталады.

4. профилактикалық бақылауды жүзеге асыру.

Ішкі бақылау – білім беру ұйымдарының уәкілетті тұлғалары білім беру және тәрбие процестерінің жағдайын диагностикалау мақсатында жүргізілетін білім беру қызметін кешенді талдау. 

 

Мектепішілік бақылаудың мақсаты мен міндеттері:

Мақсаттары:

а) мектептегі педагогикалық процестің қызмет етуі мен дамуының мемлекеттік білім беру стандартының талаптарына сәйкес келуіне қол жеткізу;

ә) білім алушылардың жас ерекшеліктерін, қызығушылықтарын, білім алу мүмкіндіктерін,  денсаулық жағдайын ескере отырып, білім беру процесін жетілдіру.

          Міндеттері:

білім беру саласындағы заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілерді бұзу және орындамау жағдайларын анықтау және олардың алдын алу жөнінде шаралар қабылдау;

педагог қызметкерлер қызметінің тиімділігін талдау және сараптамалық бағалау;

білім беру процесін ұйымдастырудағы жағымсыз және оң үрдістерді анықтау және оларды  жою мен дамыту бойынша ұсыныстар әзірлеу;

мектептегі бұйрықтар мен өкімдерді іске асыру нәтижелерін талдау;

педагогтерге әдістемелік көмек көрсету.



Мектептің ішкі бақылау жүйесі



«Жоспарлау-Орындау-Тексеру-Олқылықтарды жою» циклі, бұл үздіксіз жетілдіру болып табылады.

Жоспарлау – кезеңінде мектеп: күшті және әлсіз жақтарына, мүмкіндіктер мен қауіптерге талдау жүргізе алады. Даму тұжырымдамасын әзірлей алады, мақсаттар қоя алады.

Орындау – кезеңінде  мектеп жоспарды жүзеге асырады және білім беру басшылығын қамтамасыз ете алады, қызмет жоспарын жасай алады. Ішкі және сыртқы өзара іс-қимылды қамтамасыз ете алады.

Зерделеу – кезеңінде  мектеп жоспарды бағалайды және бағалау процесіне  іштей және сырттай қатысуды қамтамасыз ете алады, мониторингті қоладана алады, деректерді талдай        алады.

Олқылықтарды жою кезеңінде – мектептер бағалау нәтижелері мен жоспарына сәйкес әрекет етеді, деректерді мониторинг жүйесіне біріктіреді, қолданбалы  саланы кеңейтеді, кемшіліктерді тексереді.

 

 

Мектепішілік бақылаудың объектілері:

1. Оқу процесі – оқу бағдарламаларын орындау. Білім алушылардың білім деңгейі мен дағдылары. Мұғалім жұмысының өнімділігі. Дарынды білім алушылармен жеке жұмыс. Сыныптан тыс сабақ жұмысының сапасы.

2. Тәрбие процесі – білім алушылардың тәрбие деңгейі. Қоғамдық белсенділік деңгейі. Сынып жетекшісінің жұмыс сапасы. Ата-аналардың тәрбие процесіне қатысуы. Денсаулық пен дене тәрбиесінің деңгейі.

3. Әдістемелік жұмыс – әр мұғалімнің әдістемелік деңгейі. Әр сынып жетекшісінің әдістемелік деңгейі. Педагогикалық  тәжірибені тарату механизмі. Қызметкерлердің біліктілігін арттыру.

4. Инновациялық қызмет – бұл іс-әрекеттің мектептің, өңірдің білім беру жүйесінің даму тұжырымдамасына сәйкес келуі. Жаңалықтардың ғылыми дайындық деңгейі. Білім алушылардың ғылыми-зерттеу әрекеті.

5. Ыңғайлы және қауіпсіз білім беру ортасы – білім алушылардың, мұғалімдердің психологиялық қолайлылық дәрежесі. Ұжымның кез-келген мәселені шешуге, өзгертуге психологиялық  дайындығы.

6. Оқу-тәрбие процесінің қажетті  жағдайлармен қамтамасыз етілуі – еңбекті қорғау. Санитарлық-гигиеналық жағдай. Оқу-әдістемелік әдебиеттермен қамтамасыз ету. Оқу-техникалық жабдықтармен қамтамасыз ету және үйлестіруді қолдау.

Жалпы алғанда, педагогикалық бақылау келесі элементтерден тұратын күрделі әрекеттер жүйесі: стандартты белгілеу,  деректерді жинау және бағалау,  әрекеттер. МІБ нәтижесі басқарушылық шешімдер қабылдау үшін жиналған педагогикалық талдау болып табылады.

 

Мектепті басқаруда мектепішілік бақылаудың маңызы зор. Мектепішілік бақылау – мектептегі басқару мен өзін-өзі басқаруды одан әрі оңтайландыру бойынша сындарлы шешімдер қабылдау мақсатында мұғалімдердің қызметі туралы ақпарат алуға және бағалауға бағытталған басқарудың негізгі функцияларының бірі.

Мектепішілік бақылау түрлері:

Тақырыптық бақылау – тәрбиелеу жүйесінде педагогикалық ұжымның, мұғалімдер тобының немесе жеке мұғалімнің қызметі жүйесіндегі қандай да бір нақты мәселені тереңдетіп зерделеуге бағытталған. Демек, тақырыптық бақылаудың мазмұны педагогикалық процестің әр түрлі бағыттарынан, жекелеген мәселелерден тұрады, бірақ терең және мақсатты түрде зерттеледі. Тақырыптық бақылаудың мазмұны мектепке енгізілген жаңалықтардан, озық педагогикалық тәжірибені енгізу нәтижелерінен тұрады.

Фронталды бақылау – педагогикалық ұжымның, әдістемелік бірлестіктің немесе жеке мұғалімнің қызметін жан-жақты зерттеуге бағытталған. Жұмысының көптігіне, фронталды бақылау кезінде тексерушілердің көп болуына байланысты , тәжірибе көрсеткендей, бақылаудың бұл түрін оқу жылында екі-үш реттен артық қолданбаған жөн.



Мектепішілік бақылау формалары

 

 

 

 

 


1. Персоналды бақылау жеке мұғалімнің, сынып жетекшісінің, тәрбиешінің жұмысын бақылау түрінде жүзеге асырылады..

2. Сыныптық-жалпылаушы бақылау оқу және сыныптан тыс жұмыстар процесінде сынып  ұжымын құруға әсер ететін факторлар жиынтығын зерттеу кезінде қолданылады.

3. Пәндік-жалпылаушы бақылау ол белгілі бір пәнді бір сыныпта немесе қатарлас сыныптарда немесе жалпы мектепте оқытудың жағдайы мен сапасы зерттелген жағдайларда қолданылады.

4. Тақырыптық- жалпылаушы бақылау өзінің негізгі мақсаты ретінде әр сыныптағы, бірақ  оқу процесінің белгілі бір бағыттарындағы әр түрлі мұғалімдердің жұмысын зерттеу болып табылады.

5. Шолу бақылауы - жалпы білім беру қызметінің жекелеген мәселелерін бақылау.

6. Кешенді-жалпылаушы бақылау бір немесе бірнеше сыныпта бірқатар оқу пәндерін оқытуды ұйымдастыруды бақылау кезінде қолданылады.

 

 

 

Логикалық бірізділігі бойынша бірнеше бақылау түрін қарастыруға болады:

- кіріс бақылау – оқу жылының алдында.

- алдын-ала бақылау – қорытынды бақылау жұмыстарын жүргізу алдында, бітіруші сыныптардағы емтихандардың алдында, мектептің жаңа оқу жылына дайындығын тексеру.

- ағымдық бақылау – тақырыпты зерделегеннен кейін, білім беру ұйымының тоқсандағы, жартыжылдықтағы жұмыс нәтижелері.

- аралық бақылау – жыл соңында келесі сыныпқа ауыстыру.

- қорытынды бақылау – бітіруші сыныптардағы емтихандар -9, 11 сыныптар, білім беру ұйымының бір жылдағы жұмыс нәтижелері.

Бақылау формалары бақылау әдістерін қолдану арқылы жүзеге асады.

- бақылау – сабаққа қатысу, сабақтан тыс іс-шаралар және тағы басқалар, артынан талдау.

- құжаттаманы зерделеу – сынып журналдарымен, білім алушылардың күнделіктерімен, сабақ жоспарларымен, іс-құжаттармен жұмыс.

- мақсатты сұхбат, сауалнама – білім алушылармен, мұғалімдермен, ата-аналармен еркін әңгімелесу немесе арнайы дайындалған бағдарлама бойынша мақсатты сұхбат.

 – тестілеу - жеке айырмашылықтарды өлшеуге арналған психологиялық диагностика әдісі.

- жедел талдау  - жаңа ғана өткізілген сабақты немесе оның ұйымдастырушылармен немесе қатысушыларымен өткізілген іс-шараны талдау.

- ретроспективті талдау – өткен жылдардағы түлектердің, жоғары оқу орындарының түсу емтихандарын талдау негізінде мектептің қызметін бағалау.

- хронометрлеу – мектептің жұмыс режимін, сабақ уақытын, сыныптан тыс жұмыстарды ұтымды пайдалануды, білім алушылар мен мұғалімдердің жұмыспен қамтылуын, үй тапсырмаларының көлемін, оқу жылдамдығын анықтауда қолданылады.

Мектепішілік бақылау нәтижелері:

- талдамалық анықтамасы, МІБ нәтижелері туралы анықтама немесе бақыланған мәселе бойынша істің жай-күйі туралы баяндама түрінде рәсімделеді.

- жиналыстарда, пәндік-әдістемелік бірлестіктерде, педагогикалық кеңесте қызметкерлерге жеткізіледі. Директор жанындағы кеңесте ұсыныс беріледі, ал педагогикалық кеңесте қаулы шығарылады. Осылай жұмыстың нәтижелері қорытындыланып отырылады.

 

 

 

 

 

Мектепішілік бақылау жоспары

 

Биылға дейін  №130 бұйрықта мектепішілік бақылау жоспары 5 бағытта берілген болатын. Қазіргі жаңа №472 бұйрықта 8 бағыт бойынша жоспарланған. Осы жаңа бұйрық негізінде жасалған мектепішілік бақылау жоспарын үлгі ретінде төменде көрсетіледі. Биылғы 2021-2022 оқу жылына  жасалған жоспар.

 

№ р/р

Бақылау тақырыбы

Бақылау мақсаты

Бақылау объектісі

Бақылау түрі

Бақылау әдістері

Орындау мерзімдері

 

Жауаптылар

Қарау орны

Басқару шылық шешім

Екінші бақылау

I. Нормативтік құжаттардың орындалуын бақылау












ІІ. Талаптарға сәйкес мектеп құжаттамасының жүргізілуін бақылау












ІІІ. Оқу процесінің сапасын бақылау












IV. Білімнің олқылықтарын толтыру және төмен көрсеткіштермен жұмыс істеу бойынша жұмыстарды бақылау












V. Оқу-зерттеу қызметі












VІ. Мұғалімнің шеберлік және әдістемелік дайындық жағдайының деңгейін бақылау












VIІ. Тәрбие үрдісінің процесін, өткізілген іс –шаралардың сапасын бақылау












VIIІ.Материалдық-техникалық базаның нығаюын бақылау












Сонымен, мектепішілік бақылау білім беру ұйымын басқарудың жетекші функцияларының бірі болып табылады және басқарушылық шешімдерді қабылдай отырып, қызметтің нақты параметрлерінің берілген, нормативтік (басқаша айтқанда: тексеруден) ауытқуларын анықтаудан құралады.

Мектепішілік бақылауды ұйымдастыруда мәліметтердің сенімділігіне, оны талдауға ерекше назар аудару керек, өйткені, дәл осы өңделген мәліметтер мектеп басшысының басқару шешімдерін қабылдауына негіз болады. Топ мүшелерін мектепішілік бақылауға тарту, бір жағынан, мұғалімнің білім беру үдерісін бағалау мен талдаудағы құзыреттілігін қалыптастыруға және дамытуға ықпал етеді, екінші жағынан, көшбасшылыққа ынталандырады. Сонымен қатар, мұғалімнің жауапкершілігі артады. Бұл дағдылар өз кезегінде оқушылардың оқуын жақсартуға ықпал етеді.


Пайдаланылған әдебиеттер 

 

1. 2022-2023 оқу жылында Қазақстан Республикасының Жалпы орта білім беретін ұйымдарында  Оқу процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы.  Әдістемелік нұсқау хат Астана 2022ж.

2. ҚР орта білім мазмұнын жаңарту аясында қазақ тілінде оқытатын бастауыш мектепте педагогикалық қызметкерлердің білітілігін арттыру бағдарламасы 2016ж.

3. Қалыптастырушы бағалау бойынша тапсырмалар жинағы Қазақ тілі (оқыту қазақ тілді емес мектептері үшін) 1-сынып 2016ж.

4. Жалпы білім беретін мектеп мұғалімдеріне  арналған критериалды бағалау  басшылығы

Астана 2016 ж. Жоба.

5. ҚАЗАҚ ТІЛІ Оқу бағдарламасы (орта білім беру мазмұнын жаңарту аясында)Бастауыш білім беру (оқыту қазақ тілінде емес 1-4 сыныптар үшін) 2016ж.

6. Қазақстан Республикасында орта білім мазмұнын жаңарту шеңберінде орыс тілінде мектептердегі «Қазақ тілі» пәні бойынша педагогика кадрларының біліктілігін арттыру

курсының білім беру бағдарламасы ТРЕНЕРГЕ АРНАЛҒАН НҰСҚАУЛЫҚ екінші  басылым Педагоогикалық шеберлік орталығы 2015ж.

 

 

 


 

17 мамыр 2023 г. 6 774 0

Жаңалық тізбесі

Нұрлы Отанымыз-тәуелсіз Қазақстан

15 желтоксан 2023 г. 17 201 0

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 21 607 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоксан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031