» » ЕҰУ-да Араб тілі күніне орай іс-шара өтеді

ЕҰУ-да Араб тілі күніне орай іс-шара өтеді

Өтетін уақыты:  6.12.2022, сағат 15:00-де

Өтетін орны: Сәтбаев к-сі., ЕҰУ бас ғимараты, 206 ауд.  

2022 жылғы 6 желтоқсанда Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде 18 желтоқсанда атап өтілетін Дүниежүзілік араб тілі күніне орай іс-шара өтеді. Оны Шығыстану кафедрасы және Мысырдың Қазақстандағы Елшілігі ұйымдастырып отыр. Мақсаты – студенттер мен магистранттардың араб тілі туралы білімін дамыту, лингвистикалық және аймақтық құзыреттілігін көрсету.

Шараға 13 араб мемлекетінің, Малайзия, Индонезия, Пәкістан, Оңтүстік Африка Республикасы дипломатиялық миссияларының басшылары мен қызметкерлері, ҚР СІМ, Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі ислам ұйымы, Араб диаспорасы өкілдерінің қатысуы жоспарлануда.
Аккредитация үшін  8 702 36 36 005
ДЕРЕККӨЗ:БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ Д.Н.ГУМИЛЕВ атындағы ЕҰУ
05 желтоксан 2022 г. 24 058 0

Жаңалық тізбесі

Нұрлы Отанымыз-тәуелсіз Қазақстан

15 желтоксан 2023 г. 10 663 0

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 19 049 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031