» » Студенттер сарайында «Жаңа Қазақстан және жасампаз әйелдер» атты форум өтті

Студенттер сарайында «Жаңа Қазақстан және жасампаз әйелдер» атты форум өтті

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Ө.Жолдасбеков атындағы студенттер сарайында Халықаралық 8-наурыз әйелдер күніне арналған «Жаңа Қазақстан және жасампаз әйелдер» атты форумы өтті. Шараға университет басшылығы, шетелдік қонақтар, оқытушы-профессорлар құрамы мен қызметкерлері жиналды.

Форумды Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Басқарма Төрағасы – Ректоры Жансейіт Түймебаев ашып, әйелдер қауымын көктем мерекесімен құттықтады.

«Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев: «Егемен елімізде әйелдер қауымы үшін жаңа мүмкіндіктерге жол ашылды. Қыз-келіншектер еліміздің қоғамдық-саяси өміріне де белсене атсалысуда. Өскелең ұрпаққа өнегелі тәлім-тәрбие беру ісінде әйелдер айрықша рөл атқарады» деп атап өтті. Сондай-ақ «Әйелдер қауымының жасампаздық қасиеті мен күш-қуаты Жаңа Қазақстанның дамуына септігін тигізеді» деп әйел-аналарға зор жауапкершілік жүктеді. Мемлекет талантты, талапты әйел-аналардың дамуына жан-жақты жағдай жасап келеді.Сондықтан ғылым және жоғары білім саласындағы әйелдердің қоғамдағы рөлін кеңейтіп, ұдайы қолдау көрсетуді біз де жалғастыра береміз.», – деді өз сөзінде университет ректоры.

Сонымен қатар ректор әйелдердің қоғамдағы айрықша рөліне тоқталып, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың оқытушы-профессорлар құрамының 68 пайызын әйелдер құрайтынын атап өтті. Оның ішінде 347 ғылым докторы, 572 кандидат, 1 ҚР ҰҒА академигі бар. Біз ғалым аруларымызды мақтан тұтамыз! Келесі жылы университеттің 90 жылдығы аталып өтеді. Қазірден бастап айтулы мерейтойды лайықты қарсы алу үшін белсенді дайындық жүріп жатыр», – деді ҚазҰУ басшысы.

Форум барысында сондай-ақ, Румынияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Мэдэлина Лупу сөз сөйлеп, елшіліктің және өз атынан ҚазҰУ аруларын құттықтады.

Өз сөзінде құрметті мейман форумға қатысып отырғанына алғыс айтып, Румыния Елшілігі мәдени-білім беру саласындағы серіктестікті одан әрі арттыруға ниетті екенін атап өтті. Румыния Қазақстанның тәуелсіздігін мойындаған алғашқы елдердің бірі. Екі ел арасындағы дипломатиялық қарым-қатынас 1992 жылдың шілдесінен басталған болатын.

«Біз Румыния мен Қазақстан арасындағы екіжақты дипломатиялық қатынастардың 30 жылдығын атап өттік. Өткен жылы пандемияға да қарамастан офлайн форматта байланыстарды қалпына келтіріп, бірқатар маңызды бірлескен іс-шаралар өткізгенімізге қуаныштымыз. Екі елдің арасындағы қатынасты дамыту мақсатында көптеген шаралар ұйымдастырылды. Мәселен Астана қаласында өткен сауда-экономикалық және ғылыми-техникалық ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Румын үкіметаралық комиссиясының 16-шы отырысы өткізілді. Оның аясында Румыния Сыртқы істер министрлігі мен Қазақстан арасында Конвенцияға қол қойылды. Мен Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да сіздермен бірге мерекені атап өтіп жатқаныма қуаныштымын. ҚазҰУ мен Румыния жоғары оқу орындарымен ынтымақтастық туралы келісімдерге қол қойылды. Алдағы уақытта серіктестікті одан әрі дамытуға дайынбыз», - деді Елші.

Шара аясында мерекелік концерт ұсынылып, Студенттер сарайының сахнасында танымал эстрада жұлдыздарымен қатар университеттің талантты студенттері мен оқытушылары өнер көрсетті. Концерттік бағдарлама соңында барлық қатысушылар, көремендермен бірге «Ана туралы жыр» әнін шырқады.

Мерекелік шара көрермендерге көтеріңкі көңіл күй мен ерекше әсер сыйлады.

 Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың

Баспасөз қызметі

8-727-377-31-48

e-mail: farabipress@gmail.com

 

 


09 наурыз 2023 г. 139 488 0

Жаңалық тізбесі

Нұрлы Отанымыз-тәуелсіз Қазақстан

15 желтоксан 2023 г. 17 137 0

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 21 587 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоксан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031