ҚАЗАҚТАН ШЫҚҚАН ТҰҢҒЫШ КӘСІБИ СКРИПКАШЫНЫ БІЛЕСІЗ БЕ?
Әйткеш Толғанбаев 1924 жылы Шығыс Қазақстан облысы, Шыңғыстау ауданы, Қарауыл ауылында өнерлі отбасында дүниеге келген. Әйткештің анасы Бибісара халықтық лирикалық әндерді сүйіп айтқан.Ал, әкесі Толғанбай да өнерді қадір тұтып, домбыра шерткен.
Бұл шаңырақта оның бауырлары да өнерге бейім болды. Кішкентай Әйткеш сияқты олар да домбыра, гармонь, гитарада ойнап ән шырқаған.
1936 жылы Ә.Толғанбаев Семейде өткен көркемөнерпаздар байқауына қатысып, сол байқауда ерекше дарынымен байқауда қазылық еткен Латиф Хамиди, Ілияс Жансүгіров сынды өнер тарландарының көзіне түседі.
Латиф Хамиди: "Баладан шебер музыкант шығады,Алматыға А.Жұбановқа жібер"- деп Әйткештің ағасына кеңес береді.
Содан кейін жас шамасы сайкес келмейтін Әйткештің құжаттарына 1924 жылдың орнына 1922 жыл деп жазылады.Бұл сандар оның өмірін түбегейлі өзгертіп жібереді.
1942 жылы әскер қатарына шақырылып,Кавказ майданында соғысқа қатысып, 18 жастағы бозбала немістердің қолына түсіп, азапты күндерді басынан өткізеді.Бір күні неміс командирі: "Араларыңда музыкант бар ма?"- деп сұрағанда,солдаттардың барлығы Әйткешті меңзейді. Неміс офицерлеріне концерт ұйымдастырылып, Әйткеш сол кеште БЕТХОВЕН, БАХ, МОЦАРТтың шығармаларын нотасыз орындап, немістерді таң қалдырады. Сонда қазақтың халық әні "АЙНАМКӨЗДІ" орындағанда немістер жоғары баға беріп,әнді классика деп бағалайды.
"Азия дегенде жапон, қытай екенін білетінбіз,енді Азия дегенде ҚАЗАҚ ДЕГЕН ТАЛАНТТЫ ХАЛЫҚ БАРЫН БІЛЕМІЗ"- депті. Әйткешке деген құрметтері болса керек немістер өз халқыңның әнұранын орындауды сұрайды.Соғыс жылдарында Кеңес үкіметінің гимні болмағандықтан, Кеңес үкіметінің гимні деп қазақтың халық әні "ЕЛІМАЙДЫ" орындайды. Әйткештің талантына, қазақ әнінің құдіретіне ерекше тамсанады.1945 жылы соғыс аяқталып,тұтқындар босатылып, өз еліне қайтарылғанда ,туған жері жылы қабылдамай "Халық жауы" деп қуғын-сүргінге ұшыратады.10 жыл бойы жеке басының тәуелсіздігі үшін күреседі.
Тағдыр тәлкегіне ұшыраса да болашағына тек үмітпен қарап, музыкасын жанына серік ете білген. Ешқандай жер жұмысқа қабылдамай қойған кезде, Ғазиза Жұбанова ерекше қолдау білдіріп, шығармашылығына үлкен баға беріп,мәртебесін биікке көтереді. Музыка әлеміне дара жолын салған Әйткеш "Сборник транцкрипций для скрипки и фортепиано" кітабын шығарған. Евгений Брусловскийдің "БОЗ АЙҒЫР", Нұрғиса Тілендиевтің "ЖЕЗ КИІГІ" мен "НАЗ ҚОҢЫР" туындыларын ерекшелікпен өңдеп, музыка әлемінде ҚАЗАҚ СКРИПКПШЫЛАР МЕКТЕБІН ҚАЛЫПТАСТЫРҒАН.
1995 жылы 12-желтоқсанда Әйткеш Толғанбаев өмірден өтеді.
Сан қилы сынаққа сынбаған,өр мінезімен өнерін мойындатқан шебер музыканттың өмірі жанды тебірентеді.
Созақ балалар саз мектебінің
"Скрипка" сыныбының оқытушысы
Түркістан облысы, Созақ ауданы
"Скрипка" сыныбының оқытушысы
Түркістан облысы, Созақ ауданы