» » Алматы саябағында құны 1 миллион тұратын "сөйлейтін" орындық қойылды

Алматы саябағында құны 1 миллион тұратын "сөйлейтін" орындық қойылды

 Алғашқы "сөйлейтін" орындықтар Тұңғыш президент саябағына орналастырылды. Одан бөлек Бостандық ауданында бірнеше жерде қойылатын болды. Бір орындықтың бағасы 1 миллион теңгені құрайды деп хабарлайды edunews.kz Ақпараттық Агенттігі ztb.kz Ақпараттық Агенттігіне cілтеме жасап.
⠀"2019 жылы "Қатысу бюджеті" жобасына сәйкес Бостандық ауданының тұрғындары 2 235 млн теңге сомасына 47 ұсыныс енгізген болатын. Олардың ішінде құны 963,7 млн теңгеге 34 жоба дауыс беруге жолданды. Бүгінде осы жоба аясында ҚР Тұңғыш президенті паркінде 1 интерактивті орындық қойылған. Қазір тұрғындардан өтініш көп түсіп жатыр. Бір орындық құны 1 млн теңге шамасында", - деді Бостандық ауданы әкімінің орынбасары Серік Әділбаев.

Орындық адам отырған кезде іске қосылады. Орындық ішіндегі аудиожүйеге белгілі тарихи тұлғалардың биографиясы, әндер мен өлеңдер жазылады.

"Одан бөлек, "Open Almaty" порталында ашық дауыс беру арқылы 3 жоба жеңімпаз атанды. Құны 9,5 млн теңге болатын Workout аймақ пен балалар алаңы құрылысы, Жароков 284/1 мекенжайындағы құны 6,6 млн теңге болатын балалар ойын алаңы, құны 1,7 млн теңге Togizkumalak Smart nation жобасы. Бостандық ауданы әкімдігінің аппараты 2020 жылы осы жобаларға 14,3 млн теңге қарастырды. Жобалардың барлығы қазір аяқталып қалды", - деді Серік Әділбаев.

Дереккөз:  ztb.kz Ақпараттық Агенттігі
23 қыркүйек 2020 г. 77 014 0

Жаңалық тізбесі

Нұрлы Отанымыз-тәуелсіз Қазақстан

15 желтоксан 2023 г. 17 137 0

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 21 587 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоксан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031