» » Білім беру бағдарламасы мен тиісті пәнді қалай таңдау керек?

Білім беру бағдарламасы мен тиісті пәнді қалай таңдау керек?

Бұрын гранттар мамандық бойынша бөлінетін. Енді - білім беру бағдарламалары бойынша бөлінеді. Барлығы 97 топ бар. Онда тиісті пәндер тізімі мен оған сәйкес келетін білім беру бағдарламалары берілген. Бұл туралы «Edunews.kz» Ақпараттық Агенттігі bilimland.kz порталына сілтеме жасап хабарлайды.
Бұрын гранттар мамандық бойынша бөлінетін. Енді - білім беру бағдарламалары бойынша бөлінеді. Барлығы 97 топ бар. Онда тиісті пәндер тізімі мен оған сәйкес келетін білім беру бағдарламалары берілген.  Бұл тізімді көре салып сіздер тиісті пәнді қалай таңдау керегін бірден ұғасыздар.

Мысалы, маусым айындағы ҰБТ кезінде сынақты «Биология» + «Химия» комбинациясы бойынша тапсырасыз делік. Ендеше, білім беру бағдарламасын 16 бағдарлама ішінен іздейсіз (тізім ҰТО сайтында тұр: https://www.testcenter.kz/ru/entrants/ent/index.php). Бір ескерерлігі, бакалавриатқа түсетіндер төрт топтан артық таңдай алмайды.

Осылайша, «Биология» + «Химия» таңдағанда сізде мынадай оқу бағдарламалары тізімі шығады:
1. «Химия пәнінің мүғалімі».
2. «Биология және аралас ғылымдар».
3. «Ветеринария».
4. «Жалпы медицина».

Егер шығармашылық мамандық таңдар болсаңыз және осы бағытта грант ұтып алу ойыңызда болса тек бір ғана білім беру бағдарламасын таңдай аласыз.

Мысалы, «Аудиовизуал құралдар және медиаөндіріс» пәнін таңдай отырып, тиісті пән бойынша екі шығармашылық емтихан тапсырасыз. Бүл ретте білім беру бағдарламасы мынадай болады:

«Операторлық өнер».
«Баспа ісі».
«Полиграфия».


Дереккөз: bilimland.kz.

10 мамыр 2019 г. 94 689 0

Жаңалық тізбесі

Нұрлы Отанымыз-тәуелсіз Қазақстан

15 желтоксан 2023 г. 20 697 0

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 22 520 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031