Нұрлы Отанымыз-тәуелсіз Қазақстан
«Мырзақадыр Нұрбаев атындағы №58 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 15-желтоқсан күні Қазақстан Республикасының 32 жылдық мерекесіне орай 8 «А» сынып жетекшісі Жунисова Бибіжамал «Тәуелсіздік тұғырым» тақырыбында ашық тәрбие сағатын өткізді.
Туған елін, жерін шексіз сүюге, Отанын сүйетін азамат қалыптастыру, от жүректі өжет мінезді ұл қыздарының ерлік істеріне мәңгі құрмет көрсетуге баулу мақсатында ұйымдастырылған тәрбие сағатында көрініс көрсетіліп, өлеңдер оқылды. QR код арқылы желтоқсан құрбандары жайлы толық мәліметті алатынғын айтылды. Желтоқсан көтерілісі-бұл әншейін ауыз толтырып айтуға ғана емес, бұл шын мәніндегі елді, бүкіл Кеңестер Одағын елең еткізген, күш қолданып басуға мәжбүр еткен көтеріліс. Бұл көтеріліс тәуелсіздікке жол ашқан ұлт азаттық көтерілістің соңғы серпіні десекте болады. Сол серпінді көріністе көрсете білді. Қазақ жастарының билік басшыларының шешімімен келіспегендіктен наразылық білдіргендігін, алаңды өз қандарымен жуған жандардың жанқиярлық ерлігі арқасында жаужүрек батыр ұрпағы екенімізді дәлелдеп, бодандықтан арылып, бостандықта өмір сүру бақытына қол жеткізгендігі жайлы көріністі көрсетіп, үлкен әсер қалдырды. Тәуелсіздіктің атқан таңы әрдайым арайын ашып, ынтымағымыз бен бірлігіміз ажырамай, Тәуелсіздігіміз мәңгілік болып, көк туымыз көкке өрлей берсін!
Түркістан облысы Жетісай ауданы,Қызылқұм ауыл әкімшілігі,Мырзақадыр Нұрбаев атындағы 58 жалпы білім беретін мектебі КММ Директордың тәрбие жөніндегң орынбасары Мырзадияр Айнаш