Ақмолалық оқушы ІІІ республикалық «Мәшһүр-Жүсіп оқулары» байқаудың Гран-при иегері атанды

Іс-шараның негізгі мақсаты – философ-ақынның рухани мұрасын дәріптеу, шығармаларында бейнеленген туған жерге сүйіспеншілік, белсенді азаматтық ұстанымды өскелең ұрпақта тәрбиелеу; тұлғаның зияткерлік және шығармашылық әлеуетін дамыту.
Байқау 4 бағыт бойынша өткізілді:
I бағыт – «Алдыма өлең жаз деп қағаз келген, Сөзімді сөйлеп бақтым мен де білген» ақындар мүшәйрасы.
II бағыт – «Бас болып өнер білсең, тіпті жақсы» атты ғылыми жоба қорғау.
III бағыт - «Білімді зерек адам болам!» - десең, Қара өзіңді басқаның айнасымен» эссе жазу бағыты.
IV бағыт - «Мәшһүр-Жүсіп шығармалары және «Ұлы даланың ұлы есімдері».
Ақмола облысынан 2 қатысушы қатысты - бұл ІІІ республикалық «Мәшһүр-Жүсіп оқулары» байқауының облыстық кезеңінің жеңімпаздары.
Республикалық байқаудың қорытындысы бойынша:
1. Көкшетау қаласының № 19 жалпы орта білім беретін мектебінің 9-сынып оқушысы Әскер Аяулым «Бас болып өнер білсең, тіпті жақсы» бағыты ғылыми жоба зерттеу және қорғау бойынша - Бас жүлдеге ие болды.
2. Көкшетау қаласының Мәлік Ғабдуллин атындағы № 3 көпсалалы гимназиясының 10-сынып оқушысы Ақылбай Диас «Мәшһүр-Жүсіп шығармалары және «Ұлы даланың ұлы есімдері» бағыты бойынша сертификат алды.
Құттықтаймыз! Жаңа жеңістер тілейміз!