» » Жасөспірімдер арасындағы лудомания: ерте алдын алу жұмыстарының және арнайы психологиялық бағдарламалардың қажеттілігі

Жасөспірімдер арасындағы лудомания: ерте алдын алу жұмыстарының және арнайы психологиялық бағдарламалардың қажеттілігі

Мақалада жасөспірімдер арасындағы лудомания мәселесі қазіргі қазақстандық қоғамның өзекті қауіптерінің бірі ретінде қарастырылады. Авторлар құмар ойындарға тәуелділіктің ерте алдын алу қажеттілігін негіздеген, жасөспірімдер арасында тәуелділіктің пайда болу себептері талданған, сондай-ақ психологиялық бағдарламаның лудоманияның алдын алуда маңыздылығы анықталған. Авторлар «Жасөспірім мектеп оқушылары арасында лудоманияның алдын алу бойынша психологиялық бағдарламасы» арқылы білім беру мекемелерінде оқушылардың хабардарлығын арттыруға және цифрлық ортада қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру тәжірибелерімен бөліседі.

Кілтті сөздер: лудомания, жасөспірім, алдын алу, құмар ойындарға тәуелділік, цифрлық қауіпсіздік.

Заманауи цифрлық технологиялар мен интернет-платформалар жасөспірімдерді құмар ойындарға тарту мүмкіндіктерін едәуір кеңейтті. Ресми дереккөздердің мәліметтері бойынша, кәмелетке толмағандарды құмар ойындарға тарту жағдайларының көбею үрдісі байқалады, бұл уақтылы араласуды талап етеді. Жасөспірімдер үшін онлайн ойындар деструкивті ойлаудың және ойынға тәуелділіктің алғашқы қадамы болып табылады. «Молодежь» ғылыми зерттеу орталығының зерттеу нәтижелері 14-18 жас аралығындағы жасөспірімдердің 50,1% көп уақытын осы онлайн ойындарда өткізетінің көрсетті, соның ішінде 17,8% лудоманияға шалдыққан [1]. 

Жасөспірімдердің құмар ойындар алдындағы әлсіздігі олардың психологиялық және әлеуметтік дамуының бірнеше себептерімен байланысты.

1) Өзін-өзі бақылаудың жеткіліксіз дамыған механизмдері.  Жасөспірім кезінде мидың префронтальды қыртысының белсенді дамуы жүреді, ол өзін-өзі бақылау, шешім қабылдау және оның әрекеттерінің салдарын болжау функцияларына жауап береді. Мидың бұл аймағы әлі толық қалыптаспағандықтан, жасөспірімдер импульсивті мінез-құлыққа бейім және құмар ойындарға байланысты тәуекелдерді бағаламауы мүмкін. Когнитивті функциялардың жетілмегендігі жастардың қауіпті әрекеттерге, соның ішінде құмар ойындарға қатысу ықтималдығын арттыратынын көрсететін зерттеулер растайды [2].

2) Құрдастарының ықпалы. Жасөспірім кезінде құрдастарының пікірінің маңыздылығы айтарлықтай артады. Жасөспірімдер топқа қабылдауға ұмтылады және қысымның ықпалынан немесе құрдастарының арасында мәртебесін көтеру мақсатында құмар ойындарға қатысады. Зерттеулер нәтижелері көрсеткендей, құрдастарының ортасында құмар ойындарға қатысу тәжірибелері жиі кездесеті болса, соның әсерінен жасөспірімдердің құмар ойындарға қатысу ықтималдығын едәуір артуы мүмкін [3].

3) Онлайн құмар ойындардың қолжетімділігі. Технологияның дамуымен және интернеттің кең таралуымен жасөспірімдер үшін онлайн құмар ойын платформалары қолжетімді болды. Бұл платформалардың көпшілігі пайдаланушылардың жасын тиімді басқара алмайды, бұл кәмелетке толмағандарға құмар ойындарға қатысуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, кейбір бейне ойындарда құмар ойындардың маңызды түрлеріне кіру нүктесі бола алатын «lootbox» сияқты құмар ойын элементтері бар [4].

4) Психологиялық факторлар. Жасөспірімдер жас кезеңдерінің психологиялық ерекшеліктеріне байланысты стрессті, үрейді және жаңа сезімдерге ұмтылуды жиі сезінеді. Олар құмар ойындарды жағымсыз эмоциялармен күресудің немесе қатты сезімдерді өткерудің тәсілі ретінде қабылдауы мүмкін. Алайда, бұл тәуелділіктің пайда болуына және психологиялық проблемалардың нашарлауына әкелуі мүмкін. 

Жасөспірімдердің құмар ойындар алдындағы әлсіздігінің салдарынан ойынға тәуелділіктен зардап шегетіндердің едәуір бөлігі жастар. Бұл салдары жас адам өмірінің әртүрлі аспектілеріне, соның ішінде психологиялық, әлеуметтік және физикалық денсаулыққа әсер етеді.

1) Психологиялық салдары. Лудоманиямен ауыратын жасөспірімдер жиі депрессияға, мазасыздыққа және ашуланшақтыққа тап болады. Ойын туралы үнемі ойлану және ұтыс тігуге қаражат табу қажеттілігі созылмалы күйзеліске және эмоционалды күйіп кетуге алып әкелуі мүмкін. Кейбір жағдайларда тәуелділік суицидтік ойлар мен әрекеттерге әкелуі ықтимал. Зерттеулерге сәйкес, лудомания суицидке дейін ауыр психикалық бұзылуларды тудыртады.

2) Әлеуметтік салдары. Құмар ойындарға тәуелділік әлеуметтік оқшаулануға әкеледі. Жасөспірімдер отбасымен және достарымен қарым-қатынастан аулақ бола бастайды, оқуға және сыныптан тыс жұмыстарға қызығушылықтарын жоғалтады. Бұл оқу үлгерімінің нашарлауына және болашақтың шектеулі болуына әкелуі мүмкін. 

3) Физикалық салдары. Құмар ойындарға үнемі қатысу, әсіресе желіде, отырықшы өмір салтына ықпал етеді. Бұл семіздік, көру қабілетінің нашарлауы және ұйқының бұзылуы сияқты денсаулық проблемаларына әкелуі мүмкін. Сонымен қатар, стрессте ұзақ уақыт болу иммундық жүйеге және дененің жалпы физикалық жағдайына теріс әсер етеді.

Статистикалық мәліметтерге сүйенетін болсақ, Қазақстан жасөспірімдер лудоманиясы мәселесі, әсіресе құмар ойындарының элементтері бар онлайн-казино, лотереялар мен ойын қосымшаларын тарату контекстінде өзектілігін арттыруда. Осыған байланысты оқушыларды ойынға тәуелділік қаупі туралы хабардар етуге және құмар ойындардан бас тартудың тұрақты дағдыларын қалыптастыруға бағытталған тиімді профилактикалық бағдарламаларды әзірлеу және енгізу талап етіледі.

Осы мәселе төңірегінде жасөспірімдер арасында лудоманияны ерте алдын алу жұмыстарын жүргізу ең тиімді жолдардың бірі, себебі:

- созылмалы мәселеге айналғанға дейін тәуелділіктің қалыптасуын алдын алуға болады;

- құмар ойындарға саналы қатынас және тәуекелдерге қатысты сыни тұрғыдан ойлауды қалыптастырады;

- өзін-өзі бақылау дағдылары мен рахат сезімін алудың және стрестті шешудің альтернативті тәселдерін дамытады.

M.D. Griffiths пікірінше, арнайы психологиялық бағдарламаға ата-аналарды тарту және бас уақыттың альтернативті түрлерін енгізу арқылы лудоманияны алдын алуға деген кешенді тәсілдемені жүзеге асыруды қамтамасыз етеді, ал ол өз кезегінде жақсы нәтижелер алуға мүмкіндік тудыртады [5].

Аталған зерттеулерді саралай келе, біз білім беру мекемелерінде «Жасөспірім мектеп оқушылары арасында лудоманияның алдын алу бойынша психологиялық бағдарлама» тақырыбында авторлық бағдарламаны әзірлеуге негіз болды.

Авторлық бағдарламаның мақсаты: құмар ойындарға саналы көзқарасты қалыптастыру, өзін-өзі реттеу және сыни ойлау дағдыларын дамыту, сондай-ақ салауатты өмірлік ұстанымдарды тәрбиелеу арқылы жасөспірім мектеп оқушылары арасында лудоманияны алдын алуды қамтамасыз ету.

Міндеттері:

- ақпараттық: оқушыларды құмар ойындардың мәнімен, тәуелділікті қалыптастыру механизмдерімен және лудоманияның жағымсыз салдарымен таныстыру;

- психологиялық: эмоционалды интеллектті, өзін-өзі бақылау дағдыларын, стрессті жеңе білу және құрдастарының қысымына қарсы тұру қабілетін дамыту;

- тәрбиелік: қазақтың дәстүрлі мәдени нормаларына сүйене отырып, өзін-өзі бағалауды, жеке жауапкершілікті және салауатты өмір салтын дамытуға бағытталған құндылықтарды қалыптастыру.

- әдістемелік: тәуелді мінез-құлықты ерте анықтауға және алдын алуға бағытталған интеграцияланған сабақтар арқылы оқушылар, педагогтар және ата-аналар арасындағы кешенді өзара іс-қимылды қамтамасыз ету.

Авторлық бағдарламаны іске асыру кезінде күтілетін нәтижелер:

- оқушылардың тәуелділікті қалыптастыру механизмдері және құмар ойындардың жағымсыз салдары туралы хабардар болу деңгейін арттыру;

- жасөспірімдерге бос уақытты саналы түрде өткізуге мүмкіндік беретін сыни ойлау мен эмоционалды реттеу дағдыларын дамыту;

- тұлғаның сау дамуына ықпал ететін тұрақты құндылық бағдарларын қалыптастыру;

- өзін-өзі реттеу деңгейін жақсарту, тәуелді мінез-құлық үлгілерінің пайда болу қаупін азайту;

- педагогтардың, психологтардың және ата-аналардың жүйелі жұмысы есебінен білім беру мекемесінде қолайлы психологиялық климат құру.

Авторлық бағдарламаның жаңашылдығы:

- эмоционалды интеллект пен өзін-өзі реттеуді қалыптастырудың заманауи әдістемелерін дәстүрлі қазақ құндылықтарымен интеграциялау;

- тәжірибелік дағдыларды пысықтау үшін интерактивті технологияларды (рөлдік ойындар, модельдеу, топтық пікірталастар) қолдану;

- білім беру процесінің барлық қатысушыларын (оқушылар, педагогтар, ата-аналар) бірыңғай профилактикалық жүйеге тарту.

Бағдарлама ғылыми психология мен педагогиканың соңғы жетістіктеріне сәйкес келеді, жасөспірімдер арасында тәуелділікті қалыптастыру және қауіпті мінез-құлықтың алдын-алу саласындағы зерттеулерге негізделген (Laurence Steiberg, Richard Jessor, Daniel Kaheman & Amos Tversky, Albert Bandura және т.б.).

Оқушы жасөспірімдер арасында лудоманияны алдын алу бойынша авторлық психологиялық бағдарлама Қазақстанның білім беру мекемелерінде жастардың салауатты дамуын қамтамасыз ету үшін уақтылы және қажетті шара болып табылады. Ол психологиялық және педагогикалық ғылымның соңғы жетістіктеріне жауап береді, оның жоғары тиімділігі мен сенімділігін қамтамасыз ететін әдістемелік жаңашылдық пен интеграцияланған тәсілге ие. Бағдарлама оқушылардың жеке басын дамытуға, салауатты құндылықтарды тәрбиелеуге және қолайлы әлеуметтік ортаны құруға бағытталған, бұл тәуелді мінез-құлықтың сәтті алдын-алудың негізгі факторы болып табылады.

Бұл авторлық бағдарлама Бейнеу лицейі мен Ы. Алтынсарин атындағы жалпы білім беретін мектептің 9 сынып оқушылары арасында жүзеге асырылды. Авторлық бағдарламаның тиімділігін бағалау мақсатында оқушылардың мінез-құлықтарын бақылау және сауалнама жүргізілді. Бағдарламаны іске асыру нәтижесінде келесі нәтижелерге қол жеткізілді:

- 87% оқушылар арасында құмар ойындардың салдарынан туындайтын тәуекелдер туралы хабардарлық деңгейі көтерілді;

- 73% оқушы күмәнді ойындарға қатысуға саналы түрде бас тарта алатындарын жеткізді; 

- ата-аналар балаларының ойын әрекеттерін бақылау тәсілдері туралы көбірек білді.

Алынған нәтижелер жасөспірімдер арасында лудоманияның алдын алудың кешенді тәсілінің тиімділігін растайды. Мұндай бағдарламалардың тұрақты негізде енгізілуі және Қазақстан мектептерінің білім беру курстарына енгізілуі маңызды.

Ерте алдын алу жұмыстарын одан әрі дамыту үшін ұлттық деңгейде осындай бастамаларды кеңейту, сондай-ақ жасөспірімдермен жұмыс істеу әдістемелерін жетілдіру үшін қосымша зерттеулер жүргізу қажет.

 

Әдебиеттер тізімі:

1. Гемблинг в казахстане: менее чем за месяц численность осознанных лудоманов превысила 10 тысяч человек. https://ranking.kz/reviews/socium/gembling-v-kazahstane-menee-chem-za-mesyats-chislennost-osoznannyh-ludomanov-prevysila-10-tysyach-chelovek.html

2. Казанцев, И.В. Проблемы импульсивного поведения среди подростков // Психологический журнал Казахстана, 2022. – №12(3), 45-52 с.

3. Нургалиева, А.Т. Влияние окружения на подростковое поведение. // Вестник педагогических наук РК, 2023. – №15(2), 33-39 с.

4. Kim, H.S., & King, D.L. (2020). "Loot Boxes as a Gateway to Problem Gambling in Adolescents." Journal of Behavioral Addictions, 9(1), 50-58.

5. Griffiths, M. D. Problem Gambling in Adolescents: What Are the Issues? // Journal of Gambling Studies, 2020. – №36(2), 275-289 р.



Орынбаева Ханым Асанқызы

Ы. Алтынсарин атындағы жалпы білім беретін мектептің педагог-психологы, педагог-сарапшы

Алдабергенова Камшат Убайдуллаевна

Бейнеу лицейінің педагог-психологы,  педагог-зерттеуші

28 наурыз 2025 г. 153 0

Жаңалық тізбесі

Нұрлы Отанымыз-тәуелсіз Қазақстан

15 желтоксан 2023 г. 27 809 0

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 24 588 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31