» » АҚПАРАТТЫҚ ХАТ

АҚПАРАТТЫҚ ХАТ

 «ӨРЛЕУ» БАҰО АҚФ Қазақстан Республикасы білім беру жүйесінің басшы және ғылыми-педагогикалық қызметкерлерінің біліктілігін арттыратын республикалық институты «ЕРЕСЕКТЕРГЕ ҚОСЫМША БІЛІМ БЕРУ: ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТЕНДЕНЦИЯЛАР ЖӘНЕ ҰЛТТЫҚ БАСЫМДЫҚТАР» Симпозиум  жұмысына қатысуға шақырады.

            ІС ШАРАНЫҢ МАҚСАТЫ:  тұрақты даму жағдайында ересектерге қосымша білім беру жүйесінің қазіргі жағдайын талдау, стратегиялық ұсыныстарды әзірлеу.

ЖҰМЫСТЫҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ: 

  • Андрагогика ересектерге білім беру теориясы ретінде, заманауи қоғамдағы андрагогтың  рөлі.
  • Ересектерге білім беруді дамытудың заманауи басымдықтары мен үрдістері.
  • Ересектерге қосымша білім беру заманауи білім беру жүйесінде педагогтердің біліктілігін арттырудың маңызды құрамдас бөлігі ретінде.
  • Ересектерге қосымша кәсіптік білім берудің қалыптасуы мен дамуының халықаралық тәжірибесі.

 

         ІС-ШАРАНЫҢ ҚАТЫСУШЫЛАРЫ: мектепке дейінгі ұйымдардың, орта білім беру ұйымдарының, біліктілікті арттыру жүйесінің, облыстық (қалалық, аудандық) білім басқармаларының басшылары мен педагогтері, техникалық және кәсіптік білім беру, жоғары білім беру ұйымдарының оқытушылары, магистранттар, докторанттар және ересектерге қосымша кәсіптік білім беру жүйесінің өзге де өкілдері.

       ӨТКІЗУ КҮНІ:  18 қараша 2022 ж.

       ӨТКІЗУ УАҚЫТЫ: 10.00-16.00

       ӨТКІЗУ ОРНЫ: Алматы қ, Амангелді көшесі, 61, Шевченко көшесінің қиылысы

       ЖҰМЫС ТІЛДЕРІ: казақ, орыс.

       

 

БАЙЛАНЫС АҚПАРАТЫ 

  • Маханбетова Агима Абиловна, п.ғ.к.,  «Менеджмент және инклюзивті білім беру» кафедрасының меңгерушісі (8 777 203 78 34),
  •  Биомарова Гулзада Абдибековна, «Менеджмент және инклюзивті білім беру» кафедрасының бас әдіскері (8 702 112 07 61),
  •  Алшынбекова  Марзия, «Менеджмент және инклюзивті білім беру» кафедрасының әдіскері (8 707 667 88 87)  .

        

 СИМПОЗИУМҒА ҚАТЫСУ ШАРТТАРЫ:

2022 жылдың 31 қазанына дейін  malshynbekova@orleu-edu.kz, akjarkin88@mail.ru  электронды мекенжайына баяндама тақырыбы мен мәтінін, қатысу нысаны мен секциясын  көрсетіп  тіркеу өтінімі жіберілуі қажет. 2022 жылғы 31 қазаннан кейін жіберілген материалдар, сондай-ақ симпозиумның талаптары мен тақырыбына сәйкес келмейтін материалдар қабылданбайды.

Симпозиум қорытындысы бойынша материалдардың электронды жинағы шығарылады. Жинақ ББЖ ҚБАРИ: https://orleu-edu.kz/ripkso  сайтында жарияланады.

Қатысу үшін тіркеу өтінімінің нысаны және материалдарды рәсімдеуге қойылатын талаптар төменде келтірілген.

БАЯНДАМАЛАР  МӘТІНІН ЖАРИЯЛАУ:

Таңдалған ғылыми баяндамалар симпозиумның электронды жинағында жарияланады. Ұйымдастыру комитеті мақалаларды техникалық редакциялау құқығын өзіне қалдырады.

 

ТІРКЕУ ТУРАЛЫ ӨТІНІШ ҮЛГІСІ

 

Тегі


Аты


Әкесінің аты


Мемлекет, қала


Ғылыми дәрежесі


Ғылыми атағы


Жұмыс орны


Лауазымы


Қатысу формасы (оффлайн)


Секция


Баяндама(мақала) тақырыбы


E-mail


Байланыс телефондары


МАҚАЛАНЫ  РӘСІМДЕУГЕ  ҚОЙЫЛАТЫН  ТАЛАПТАР

Мақала көлемі – 5-7 беттен аспауы керек.

мақала Doc форматында, Times New Roman шрифтінде, жоларалық интервал – 1, шрифт өлшемі – 12, жоғарғы және төменгі жиектер – 20 мм, оң жағы – 15 мм, сол жағы – 30 мм;

мақаланың тақырыбы 12 сөзден аспауы керек;

аннотация ағылшын тілінде жазылады және негізгі мәтіннің алдында беріледі;

аннотациядан кейін 5 кілт сөз көрсетіледі;

мақала мәтіні кілт сөздерден кейін екі интервалмен беріледі.

АВТОР ТУРАЛЫ: Мақала тақырыбынан кейін 1 интервалдан кейін автордың тегі, аты, әкесінің аты көрсетіледі; осы деректердің оң жағында (*) таңбасы арқылы ғылыми дәрежесін, атағын, лауазымын, ұйымын және электрондық пошта мекенжайын көрсететін сілтеме беріледі.

АНЫҚТАМАЛАР МЕН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІН ТІРКЕУ: Дереккөзге сілтеме атауы, шығарылған жылы және бет нөмірі көрсетілген төртбұрышты жақшада беріледі.

Үлгі: [Жұмабаев, 2003: 15].

Пайдаланылған әдебиеттер аталу ретімен негізгі мәтіннен кейін беріледі.

Пайдаланылатын көздердің саны кемінде 5 болуы керек.





Автор: Өрлеу ББЖҚБАРИ PR, SMM - бас маманы - Егеубаев Хамит Ғабитұлы
07 қараша 2022 г. 1 150 0

Жаңалық тізбесі

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 12 570 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930