«UstazPro» авторлық курсының бағдарламасы 15.01- 16.01 қаңтар
Өткізу мерзімі: 2023 жылғы 15.01- 16.01 қаңтар
Өткізу орны: YouTube платформасы
Өткізу уақыты: 19.00 -20.15
Сағат көлемінде біліктілікті арттыру курсы: 3 академиялық сағат
Модератор: Еркебек Мақсат Мұратбекұлы, Алматы қаласы, “Umtyl Academy” орталығының жетекшісі, Қуанбек Бағжан Қуанбекқызы, Алматы қаласы, Физика және Астрономия мамандығының магистрі
Конференция қатысушылары: Республикалық, облыстық, қалалық аудандық білім беру ұйымдарының педагогтері, білім беру жүйесінің басшылары мен мамандары.
Міндеті: Ұстаздарға жаңа заманауи технологияның тиімді әдіс-тәсілдерін үйрету; Оқушының қабілетіне сай дамыту; күнделікті білім беру барысында үйренген білімді жеңіл түрде қолдана алу.
Арнайы авторлық семинар барысында қатысушы педагогтарға нақты практикалық және психологиялық кеңестер беріледі.
Педагогикалық семинардың басты мақсаттарының бірі – оқушыларды қабілетіне сай заманауи бағытта машықтандырып, білім алуға деген қызығушылықтарын ояту.
Авторлық курстардың аясында Республикалық журнал жинағын шығару жоспарлануда.
«UstazPro» авторлық семинарының тақырыптары:
● 34 оқушының типі;
● Мұғалім мен оқушы арасындағы қарым-қатынас;
● Оқушы назарын қалай сабаққа аударамыз?;
● Дидактикалық әдістер топтамасы;
● Психологиялық ойындар;
● SQ құру технологиясы;
● Оқушыны зерттеу жұмысы;
● Критериалды бағалау жүйесі;
● Баға мен бағалаудың артықшылығы;
● Қабілетті арттыру моделі;
● HARD, SOFT skills
● Кэрол Дуэк теориясы;
● Ұстазға керекті менталдық қабілет картасы;
● Техникалық сабақ беру методы;
● Оқушыны жігерлендіру приципі.
Құны: 2490 теңге
Семинар уақыты: 28.12.2022, 19:00-де басталады.