» » Ит ақылды ма, қасқыр ма? Ғалымдар жауабын тапты

Ит ақылды ма, қасқыр ма? Ғалымдар жауабын тапты

 Қасқырды қолға үйрету оның интеллект деңгейі төмендеуіне әкеп соққан. Түз тағысы мен үй жануарының қайсысы көбірек ақылды екенін зерттеген Австрия, Нидерланды, Германия және Ұлыбритания ғалымдары осындай қорытындыға келді. Ит оқиғалар арасындағы себеп-салдар байланысын анықтай алмайды. Есесіне қасқырда бұл қабілет өте жақсы дамыған, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі lenta.ru-ға сілтеме жасап.

 Зоологтардың мақаласы Scientific Reports журналында басылған.

Биологтар арнайы тест көмегімен 14 ит пен 12 қасқырдың интеллектуалдық қабілеттерін салыстырған. Олардың алдына екі контейнер қойылды – бірі бос, екіншісінде тамақ болған. Иттер мен қасқырлардың міндеті тамақ салынған контейнерді анықтау еді. Бір адам оларға қимыл-қозғалыс пен ым арқылы азықтың қайда екенін көрсетіп тұрған. Иттер мен қасқырлар осыған қарап дұрыс таңдау жасауы керек болған. Нәтижеде қасқырлар адамның көмегінсіз, мәселен, ыдысты шайқаған кезде шыққан дыбысқа және ыдыстың көлеміне қарап тамақты тауып отырды.

Ғалымдардың айтуынша, себеп пен салдарды түсіну қабілеті қиын сәттерден шығу үшін қасқырларға аса қажет. Ал 40-12 мың жыл бұрын қолға үйретілген иттер тамақты адам қолынан жеп үйреніп қалған. Бұл олардың когнитивті қабілеттерінің нашарлауына апарды.


20 қыркүйек 2017 г. 9 131 0

Жаңалық тізбесі

Нұрлы Отанымыз-тәуелсіз Қазақстан

15 желтоксан 2023 г. 15 768 0

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 21 056 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоксан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031