Президенттер қанша айлық алады?
Кез келген қарапайым халықтың көкейінде жүретін бір сауал бар: "Біздің елбасымыздың айлығы қанша екен?". Жалпы, ақша, айлық мәселесі ешкімді бей-жай қалдырмаған. Сол себепті, назарларыңызға ең жоғарғы немесе ең төменгі жалақы алатын 10 президенттің тізімін ұсынып көрмекпіз.
10. Осы уақытқа дейін Грузия президентінің айлығы 200$ ғана болып келген екен. Джордж Сорос жасап шыққан грузиндік қаржы реформасынан кейін, президент айлығы бірден 3000$-ға көтеріліп кетті.
9. Ресми ақпараттарға сенсек, ең аз айлықты Түркменстан басшысы алады екен. Көлемі – 900$. Алайда, оны кедей деп айтуға болмайды, соңғы кезде оның жеке қорында 65 млн$ ақша бар екендігі мәлім болды.
8. Лукашенконың ресми айлығы – 300$ деп көрсетілгенімен, ресми емес дерекнамалар 2300$-ды айтады.
7. Әзірбайжан парламенті президент айлығын бірнеше рет қысқартқан болатын. Бірнеше кесімерден кейін айлық 16,5 мың долларға келіп тоқтады. Ал боливиялық көшбасшы Эво Моралес өз айлығын өзі қысқартқан. Қазіргі айлығы – 1800$.
6. Италия басшысы 2007 жылдан бері 47 000$ алып келеді.
5. Өз айлығыңды көбейті қауіпті іс. Мұны британдық премьер-министр Тони Блэр тәжірибесінен өткізіп көрді. Премьердің айлығы – 350 000$-дай болады.
4. Еуропадағы ең көп айлық Ирландия президентінің еншісінде екен. Ол жылына 350 000$ жалақы алады.
3. 400 000$ алатын Жапония премьері де осы қатардың алдында тұр.
2. Дәстүр бойынша, ең жоғарғы жалақы иегері АҚШ-тың президенті. Ол 2001 жылдың 1 қаңтарынан бері жылына 400 000$ алып келеді. Оның есебіне әртүрлі бонустар, қосымша шығындар кірмейді және Ақ үйде тұру тегін екен. 1. Әлемдегі ең жоғарғы айлықты сингапурлық президент пен премьер-министр алады. Премьер жылына 1 млн.$ алса, президент осыдан жарты миллион аз алады.
Басқа да елбасылардың айлығы туралы қысқаша айтатын болсақ: Франция басшысы – 25100$, Польша президенті – 8200$, Литва басшысы – 7800$, Ресей президенті – 4300$, Украина көшбасшысы– 2400$, Қазақстан президенті – 1700$, Өзбекстан басшысы – 1300$, Тәжікстан президенті – 1100$ айлық алады. Бұл – 2013 жылғы көрсеткіш.
"Массагет порталынан" алынды.