» » Мемлекет басшысы: Құр диплом кімге керек?

Мемлекет басшысы: Құр диплом кімге керек?

  Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев кезекті Қазақстан халқына арнаған Жолдауында құр диплом беріп, сапасыз мамандарды даярлайтын жоғары оқу орындарын қысқарту тапсырды, деп хабарлайды Edunews ақпарат агенттігі Baq.kz-ке сілтеме жасап.
«Жоғары оқу орындарына қойылатын талап күшейеді. Мемлекеттік гранттардың санын өсірдік. Енді жауапкершілікті арттыратын кез келді. Енді жоғары оқу орнының жұмысына қойылатын басты критерий – студенттің университеттегі оқуды бітіргеннен кейін жалақысы жоғары жұмысқа орналасуы болады», - деді.
Президенттің айтуынша, жаңа талап бойынша егер студент оқуын тәмамдап, жалақысы жоғары дұрыс жұмысқа орналасса, университеттің жұмысына оң баға беріледі.
«Олай болмаса, университет ары қарай жұмыс істемейді. Демек, ол кадрларды сапасыз дайындайды деген сөз. Біз министрмен бұл мәселе жөнінде сөйлескеміз. Енді осындай критерийді қоямыз», - деді Елбасы.
Сонымен қатар Нұрсұлтан Назарбаев сапасыз мамандарды дайындайтын университеттер туралы ақпарат халыққа ашық айтылуы қажет екенін атап өтті.
«Қанша студент жұмысқа тұра алмады? Олар қандай университеттерді бітірді? Оны ашық айту керек. Теледидардан көрсетіп, баспа арқылы жариялау керек. Сондықтан университтердің ірілендіру бойынша жұмыс жүргізу қажет. Қазақстанда 130-дан астам университет бар. Олардың саны 200 болған. Қазір олардың саны азайды. Мен университеттерде білім алуға қарсы емеспін. Кім білім алғысы келсе, сол оқысын», - деді президент.
Сонымен қатар Мемлекет басшысы университеттерде жемқорлық деректері бар екенін ашық жеткізді.
«Ешкім керек емес мамандарды даярлаудың не қажеті бар? Құр диплом кімге керек? Мұнда жемқорлық деректері бар. Тек құжат қана беріледі. Нарықта тек сапалы білім беретін университеттер қалуы керек», - деп түйіндеді сөзін Назарбаев.
05 қазан 2018 г. 2 257 0

Жаңалық тізбесі

Нұрлы Отанымыз-тәуелсіз Қазақстан

15 желтоксан 2023 г. 14 988 0

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 20 794 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930