» » Жамбыл облысындағы 277 мектепте 4 пән ағылшын тілінде оқытылуда

Жамбыл облысындағы 277 мектепте 4 пән ағылшын тілінде оқытылуда

 Жамбыл облысындағы 277 мектепте 4 пән ағылшын тілінде оқытылуда. Бұл туралы облыс әкімі Асқар Мырзахметов “Баласағұн” ОКЗ-да өткен жиында айтты, – деп хабарлайды Edunews.kzZhambylNews” Ақпараттық Агенттігіне сілтеме жасап.

Тұрмыс сапасын арттыру басымдығы бойынша. Президент әлеуметтік салаға жұмсалатын шығындардың тиімділігін арттыруға ерекше мән беріп, 5 жыл ішінде білім, денсаулық сақтау салаларына барлық көздерден жұмсалатын қаражатты ішкі жалпы өнімнің 7,4%-дан 10 пайызына дейін жеткізу туралы міндет қойды.

Осыған орай, облыста балабақшадағы сапа мен тәрбиешілер еңбекақысын көтеру үшін Білім және ғылым министрлігі әкімдіктермен бірлесе отырып, мектепке дейінгі білім беру сапасын түбегейлі жақсартуды, тәрбиешілердің бірыңғай біліктілік талаптарын енгізуді қамтитын Жол картасы әзірленетін болады.

Сондай-ақ, елбасы «Назарбаев Зияткерлік мектептерінің» оқыту әдісі мен жүйесі басқа мектептер үшін бірыңғай стандарт болуы тиіс екендігін баса айтты. Бұл жұмыс облыста жүзеге асырылуда. Өткен жылы облыста 45 мектеп жаратылыс пәндерін ағылшын тілінде оқытса, биылғы оқу жылында 277 мектепте 4 пәнді ағылшын тілінде оқыта бастады.

Облыста «Назарбаев зияткерлік мектебінің» озық тәжірибесі 7 мектепке енгізілген. Сондықтан, Назарбаев Зияткерлік мектебінің алдынғы қатарлы педагогикалық тәжірибесін барлық мектептерге енгізу жұмыстары жүргізілетін болады

Айта кетейік, 2018-2019 оқу жылында облыстың барлық мектептерінде 1-ден 8-ге дейінгі сыныптарда оқушылардың өз әрекетін бақылау және бағалай білу, функционалдық сауаттылығын арттыруға мүмкіндік беретін жүйе енгізілді. Бұған 2019-2020 жылдары қалған сыныптар көшетін болады.

08 қазан 2018 г. 1 767 0

Жаңалық тізбесі

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 12 831 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930