» » Таразда мектеп директорларына арналған облыстық семинар өтті

Таразда мектеп директорларына арналған облыстық семинар өтті

Ағымдағы жылдың 12-қазан күні Тараз қаласындағы №30 мектеп-гимназиясында «Ustaz professional learning centre» ЖШС-нің «Ұстаз және мұғалім», «Ұстаз ұстанымы», «Анализ және консалтинг», «Ата-аналар – мектеп серіктестігі», «Менторлық», «Ақпараттық сауаттылық», «Дифференциалдық оқыту», «Жобалық оқыту» атты жобалары бойынша мектеп директорларына арналған облыстық семинар өтті. Бұл туралы "Edunews.kz" AA хабарлайды.

Семинар жұмысында «Ustaz professional learning centre» ЖШС директоры Әлімжан Игенбаев мектеп әкімшіліктеріне мектеп ахуалының аналитикасын/мониторингісін жасау және соған сәйкес дамыту жөніндегі тиісті консалтингтік қызмет, «Мектеп-Мұғалім-Ата-ана» бірлескен жұмысындағы оқушылардың Көшбасшылығын қалыптастырудағы ұлттық және әлемдік озық іс-тәжірибелердегі тәрбие үрдістері, мұғалімдерге білім беру процесінің тәрбиелік әлеуетін арттыру бойынша мол мағлұмат берді.
Сондай-ақ, іс-шара барысында қатысушылар оқытуда сандық технологияны қолданудың ерекшеліктері мен тиімді жолдары бойынша пікір алмасып, өз ойларын ортаға салды.

15 қазан 2018 г. 2 168 0

Жаңалық тізбесі

Нұрлы Отанымыз-тәуелсіз Қазақстан

15 желтоксан 2023 г. 15 766 0

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 21 056 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоксан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031