» » Жамбыл облысында «Тіл жаңғыруы – жаңа әліпби» атты семинар-тренинг өтті

Жамбыл облысында «Тіл жаңғыруы – жаңа әліпби» атты семинар-тренинг өтті

Жамбыл облысы Мойынқұм ауданында «Тіл жаңғыруы – жаңа әліпби» атты латын графикасына негізделген қазақ тілі әліпбиін түсіндіруге бағытталған семинар-тренинг өтті, – деп хабарлайды "Edunews.kz" AA “ZhambylNews” Ақпараттық Агенттігіне сілтеме жасап.  
Аталған мәселеге қатысты үгіт-насихатты және қалың бұқараға түсіндіру жұмыстарын сауатты жүргізу мақсатында ұйымдастырылған шараға әртүрлі сала мамандары, мемлекеттік қызметшілер, барлығы 200-ге жуық адам қатысты.  
Сондай-ақ, тренингте қатысушылар латын графикасына негізделген қазақ әліпбиін жетік меңгеріп, таңбалануын көрсетті. 
Жамбыл облысы әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасының ұйымдастыруымен өткен шарада Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының тіл мәдениеті бөлімінің меңгерушісі, филология ғылымдарының кандидаты, қазақ тілі әліпбиін латын графикасына көшіру жөніндегі Ұлттық комиссияның мүшесі Назира Әміржанова семинар-тренингті қатысушылармен еркін форматта сұхбаттасты
17 қазан 2018 г. 1 886 0

Жаңалық тізбесі

Нұрлы Отанымыз-тәуелсіз Қазақстан

15 желтоксан 2023 г. 17 155 0

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 21 593 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоксан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031