» » «Тұған жерім -Үржарым» атты саяхат сабағы өтті

«Тұған жерім -Үржарым» атты саяхат сабағы өтті

24 қыркүйек 2018 жылы Жансүгіров атындағы орта мектебінің оқушылары  «Тұған жерім - Үржарым»  атты экскурсия сабаққа саяхатқа шықты, деп хабарлайды "EDUNEWS.KZ" ақпараттық агенттігі

Оқушыларға  туған жеріміздің, тарихи- өлкетану  мұражайы   жайлы  түсінік  беріп  ой-өрістерін, танымдылық   қабілеттерін арттыру, туған өлке  тарихына   деген  қызығушылығын  қолдау   және  дамыту, оқушылардың  бойында   ата-бабаларына  деген  сезімді және   өзінің туып – өскен  жеріне   сүйіспеншілікке  тәрбиелеу  мақсатында  ұйымдастырылды

Ұлт көшбасшысы Н.Ә.Назарбаев "Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру" мақаласында ұлттық рухани дамуының жаңа бір бағыт-бағдарын айқындап берді.

Осыған орай, ұлттық сананы айқындатын, жаңа рухани қоғам қалыптастыратын, жаңашыл, ұлттық рухты тәрбиеленген, отансүйгіш өскелең ұрпақ қажет екендігін айтты. Осыған орай мектеп оқушыларын ауданымыздың тарихи  өлкетану муражайында өздері шығарған туған жерге арналған  өлен жолдарын ұсынды.

Яғни, күні бүгін ауданымыздың тарихи  өлкетану мұражайында  «Жансүгіров атындағы орта мектебі» КММ –нің өлең сүйер оқушылары өздерінің төл туындыларымен аудандық мұражайға барып, «Туған жерім – алтын бесігім» атты  саяхат сабақ өткізді. Жүрекжарды өлең шумақтары мен шығармаларын оқып, ой толғады. Әр баланың туған жер туралы ой толғанысы, мекеніне деген сүйіспеншілігі тауыса алмастай көрінді. Мектебіміздің оқушылары атап айтсақ  Данабеков Қазыбек, Бауыржан Алданах,  Назгуль Мурат, Бияхметова Айдана, сынды  8 сынып оқушылары қазақ еліне, туған Отанына, Үржарына деген  өлеңдерін арнаса, әлі де жас болса да  өзінше өлеңмен туындысын ұсынған 6-7 сынып оқушылары Қайратқызы Дариға,  Сәулебек Тлеутай,  тарту ете білді. Үржарының әр тасын  құрметтейтін шығарма иелері: Сая Қайырхан мен Абдрахимова Мөлдір шеберліктерімен эсседен тарту арнады. Іс-шара барысында өзінің туған жеріне деген керемет «Үржарым – бақ мекенім» атты әнімен сезімін жеткізген  Ортбаев Данабек пен Ринатұлы Жеңіске  жиналған қонақтарымызбен тік тұрып дұғол шапалақтарын аямады.  

Іс –шарамызға төрағалық етуге келген қонақтарымыз Аудандық тарихи өлкетану мұражайының директоры С.Туганов, «Тәрбие және Білім» кіші бағдарламасының жетекшісі Ж.Абдырова және Жастар ресурстық орталығының маманы Ж.Қыржыбаева қатысқан оқушыларымыздың өнеріне тәнті болып, болашақта шығармашылық табыс, оқуда озат болуларына тілектерін білдірді.Мәнерлі дауыстарымен назар аудара білген жүргізушілер Қайырхан Сая мен Манарбек Ықыласқа да өз жылы лебіздерін білдірді.

Іс-шарамыздың екінші бөлімін тарихи  өлкетану  мұражайының   директоры   Серікбек ағамыз оқушыларға мұражайдың тарихын және коне таңбалы тастардың ескерткішкері мен ауданымыздың соғыс ардагерлері және спортта жеңімпаз болып жүрген  мақтаныштарымызды таныстырып естелікке суретке түсті. Оқушылар  муражай директорына алғыстарын білдіріп, жақсы көңіл күйде керемет әсермен үйлеріне қайтты.


Дереккөз: "EDUNEWS.KZ" ақпараттық агенттігі
25 қазан 2018 г. 24 922 0

Жаңалық тізбесі

Нұрлы Отанымыз-тәуелсіз Қазақстан

15 желтоксан 2023 г. 17 156 0

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 21 593 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоксан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031