«Университет көктемі-2019» әдістемелік фестивалы
2019 жылдың 20 сәуірінде Қазақстан Жастары жылына тарту ретінде Математика, физика және информатика институтында «Университет көктемі-2019» тақырыбында болашақ мұғалімдердің педагогикалық пәндер бойынша оқу жетістіктері мен әдістемелік, басқару құзыреттіліктерінің Y- Әдістемелік фестивальі өтті. - деп хабарлайды Edunews.kz kaznpu.kz сайтына сілтеме жасап. 2019 жылдың 20 сәуірінде Қазақстан Жастары жылына тарту ретінде Математика, физика және информатика институтында «Университет көктемі-2019» тақырыбында болашақ мұғалімдердің педагогикалық пәндер бойынша оқу жетістіктері мен әдістемелік, басқару құзыреттіліктерінің Y- Әдістемелік фестивальі өтті.
2015 жылдан бастап өткізіліп келе жатқан, бұл оқу- тәрбиелік және ғылыми-әдістемелік жобаның авторы және ұйымдастырушысы Педагогика және психология институты педагогика кафедрасының доценті Светлана Жұмашева. Фестиваль бағдарламасы бойынша студенттер «Менің қалауым- рухани жаңғыру» атты педагогикалық эсселер байқауына қатысып, «Виват, менеджмент!» пәндік газеттер мен «Болашақ педагог-менеджерлер портфолиоларының» көрмесінде болды.
Әдістемелік сайыстың негізгі кезеңінде студенттер шығармашылық топтарының мектеп оқушыларының қатысуымен қорғауға ұсынған «Өзіндік презентациялары» және «Менеджмент білгірлері» блиц-турындағы теориялық білімдері сыналды. Сонымен бірге қазіргі мектепте кездесетін әр түрлі қарама-қайшылықтар, шиеленістер мен қақтығыстарға дұрыс педагогикалық шешім табуға бағытталған «Басқару кейстері» арқылы өздерінің басқару икемділіктері мен ұйымдастырушылық дағдыларын көрсете білді.![]()
Соңғы турда жаңартылған орта білім беру бағдарламасының ерекшеліктері, мұғалімнің уақытын тиімді пайдалану жолдары, цифрлық ғасыр оқушысын төрбиелеудегі проблемалар, зиянды әдеттер және әлеуметтік желілердегі қауіпсіздік, жемқорлыққа қарсы технологиялар - осындай көкейкесті әлеуметтік мәселелерге арналған «Спикерлер сайысы» кезеңі де өте қызықты өтті.
Сондай-ақ, интербелсенді түрде біздің университетіміздің Наурыз мерекесіне арналған «Қазақтың ұлттық киімдері» және «Көңілді көктем» фотосуреттер жарнамасы өткізілді.
Фестивальдің соңында әр түрлі номинациялар бойынша мараппатау рәсімі болып, дәстүр бойынша фестиваль гимні шырқалды.









